О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2018 года № 207 «Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қосымша тізбе: 1) ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодтарын алты немесе төрт белгі деңгейінде көрсете отырып, бір мезгілде мынадай: қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы белгілі бір елдің үлесіне тиесілі импорт құрылымындағы тауарлар, бұл ретте көрсетілген елдерден импорттың құндық көлемі 10 мың АҚШ долларынан артық болуға тиіс; өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде табиғи мәндегі импорт көлемінің ұлғаюын (және/немесе қосымша өлшем бірлігінде) көрсететін тауарлар өлшемшарттарына сәйкес келетін тауарлардан; 2) қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы импорт үлесіне тиесілі елдердің атауларынан тұрады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.