О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2018 года № 210 «Об утверждении Правил мониторинга и контроля за внешними и внутренними займами квазигосударственного сектора» Күшін жойған
Басқа 0
«Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 20, 112-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларында:
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Үкіметтің сыртқы борышы (мемлекет кепілдік берген сыртқы борышты есепке алғанда) мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының көлемі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюталық активтерінің жалпы мөлшерінен аспауға тиіс.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.