О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2018 года № 210 «Об утверждении Правил мониторинга и контроля за внешними и внутренними займами квазигосударственного сектора» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қор «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32612 болып тіркелген) бекітілген 1-нысанға сәйкес алдағы бесжылдық кезеңге арналған қарыз тарту жоспары көрсетілген қарыздар бойынша ақпаратты тоқсан сайынғы негізде есепті айдан кейін 25-і күніне дейін қордың интернет-ресурсына орналастырады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.