О внесений изменения в решение Атырауского областного маслихата от 20 июня 2018 года № 230-VІ «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Атырауского областного маслихата» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 230-VІ «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 230-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4193 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: қосымшада: көрсетілген шешімімен бекітілген «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде: 4-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Атырау облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 26 қарашадағы № 102-VII шешіміне қосымша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары Құзыреттер атауы Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты Тиімді мінез-құлық индикаторлары Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары ҚЫЗМЕТТІК БАСҚАРУ D-1 - Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді; - Бөлімшенің берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды; - Бөлімше жұмысын басымдылығына қарай тиімді ұйымдастырады - Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды; - Берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттамайды және жағдай жасамайды; - Бөлімше жұмысын басымдылығына мән бермей тиімсіз ұйымдастырады D-2 - Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; - Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді; - Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді; - Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді; - Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; - Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді; - Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді; - Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді; D -3 - Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; - Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді.; - Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады; - Белгіленген мерзімдерді сақтайды. - Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; - Сапасыз құжаттар әзірлейді; - Жедел жұмыс жасамайды; - Белгіленген мерзімдерді сақтамайды. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ D-1 - Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды; - Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады; - Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асырады және ортақ нәтижеге қол жеткізеді - Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды; - Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін кейбір қызметкерлердің әлеуетін пайдаланады; - Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асыра алмайды және ортақ нәтижеге қол жеткізбейді D -2 - Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; - Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды; - Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі; - Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды. - Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; - Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды; - Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді; - Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды. D -3 - Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; - Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады; - Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды. - Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; - Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді; - Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ D-1 - Міндеттерді дұрыс бөле алады; - Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер туралы хабарлайды; - Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасайды; - Тиімді және жүйелі шешім қабылдайды; - Жеке тәжірибесіне, басқа да маңызды болып табылатын мәліметтерге негізделген шешім қабылдайды. - Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды; - Орын алуы мүмкін қауіптер туралы хабарламайды; - Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасамайды; - Тиімсіз және жүйесіз шешім қабылдайды; - ешім қабылдау барысында тек өзінің жеке тәжірибесіне және көзқарасына сенеді. D -2 - Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; - Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады; - Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды; - Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды; - Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды. - Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; - Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады; - Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді; - Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды; - Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді. D -3 - Қажетті мәліметтерді таба алады; - Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады; - Өзінің пікірін негіздей алады. - Қажетті мәліметтерді таба алмайды; - Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды; - Негізсіз пікір білдіреді. ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ D-1 - Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады; - Қызмет көрсетудің тиімді әдістерін біледі; - Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етеді; - Қызмет тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізеді және қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдарын қарастырады - Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады; - Қызмет көрсетудің әдістері туралы шала-шарпы біледі; - Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етпейді; - Көрсетілетін қызмет бойынша тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізбейді және қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдарын қарастырмайды D -2 - Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді; - Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасайды; - Қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді. - Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді; - Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық деңгейін анықтауға жағдай жасамайды; - Сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, қызықпаушылық білдіреді. D -3 - Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; - Қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдірудің жөнінде ұсыныстар енгізеді; - Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді. - Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; - Тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді; - Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды. ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ D-1 - Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді; - Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімді тәсілін құрастырады. - Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді; - Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімсіз тәсілін құрастырады. D -2 - Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды; - Тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді; - Қызмет тұтынушыларының пікірін құрметтейді. - Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді; - Тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді; - Қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді. D -3 - Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; - Тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді; - Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады. - Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; - Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді; - Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды. ЖЕДЕЛДІЛІК D-1 - Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді; - Өзгерістерді уақтылы елеу үшін тиімді шаралар қабылдайды; - Бөлімшені тиімді басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізеді; - Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдайды және басшылыққа енгізеді - Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді; - Өзгерістерді уақтылы елеу үшін шаралар қабылдамайды немесе тиімсіз шаралар қабылдайды; - Бөлімшені тиімсіз басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізбейді; - Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдамайды және басшылыққа енгізбейді D -2 - Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; - Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды; - Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді. - Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; - Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды; - Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды. D -3 - Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; - Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді; - Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды; - Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді. - Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; - Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді; - Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды; - Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді. ӨЗДІГІНЕН ДАМУ D-1 - Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді; - Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдайды; - Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліседі, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтайды; - Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетеді - Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды; - Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдамайды немесе жүйесіз шараларды қабылдайды; - Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліспейді, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтамайды; - Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетуге көңіл бөлмейді. D -2 - Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; - Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды; - Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды. - Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; - Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды; - Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды. D -3 - Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; - Өзіндігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді; - Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады. - Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; - Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды; - Өзінде бар дағдылармен шектеледі. АДАЛДЫҚ D-1 - Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді; - Ұжымда мемлекеттік қызметтің әдептілік нормалары мен стандарттарына берілгендік деңгейін дамытады; - Басқалардың жетістіктерін мойындайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынады; - Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескереді және анықтайды; - Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады. - Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктіреді - Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді; - Мемлекеттік қызмет жолын ұстаушылық әркімнің жеке ісі деп есептейді; - Басқалардың жетістіктерін мойындамайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол береді; - Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескермейді; - Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет танытпайды; - Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктірмейді D -2 - Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; - Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды; - Жұмыста табандылық танытады; - Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады; - Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді; - Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады. - Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; - Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды; - Жұмыста табандылық танытпайды; - Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды; Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді; D -3 - Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; - Өзінің жұмысын адал орындайды; - Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады. - Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; - Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді; - Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады. СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ D-1 - Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды - Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды D -2 - Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. - Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. D -3 - Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. - Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. ЖАУАПКЕРШІЛІК D-1 - Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады - Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады D -2 - Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. - Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. D -3 - Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. - Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. БАСТАМАШЫЛДЫҚ D-1 - Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады - Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды D -2 - Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. - Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. D -3 - Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. - Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.