О внесении изменений и дополнения в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 240 «Об утверждении Правил ведения базы данных о лицах, получивших и расходовавших деньги и (или) иное имущество, полученные от иностранных государств, международных и иностранных организаций, иностранцев, лиц без гражданства, а также их включения и исключения из базы данных» Күшін жойған
Басқа 0
«Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік
ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 240 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 240 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16507 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару қағидаларын бекіту туралы қағидаларда:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алған және жұмсаған тұлғалар (бұдан әрі – тұлғалар) және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару тәртібін айқындайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Деректер базасында қамтылған мәліметтер, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес «Жариялануға жататын шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімі» нысаны бойынша, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына: www.kgd.gov.kz орналастырылады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жариялануға жататын шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша
және (немесе) өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 13 наурыздағы
№ 268 Бұйрығына
қосымша
Шетел мемлекеттерден,
халықаралық және шетелдік
ұйымдардан, шетелдіктерден,
азаматтығы жоқ адамдардан
алынған ақшаны және (немесе)
өзге де мүлікті алған және
жұмсаған тұлғалар туралы деректер
базасын жүргізу, сондай-ақ оларды
деректер базасына енгізу және
шығару қағидаларына
қосымша
нысан
Жариялануға жататын шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша
және (немесе) өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімі
№
БСН/ЖСН
Ұйымның атауы / ТАӘ
1
2
3
Ескерту: аббревиатуралардың транскрипциясы
БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі
ТАӘ – Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)