О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 242 «Об утверждении Правил, сроков и формы представления в орган государственных доходов сведений о получении и расходовании денег и (или) иного имущества, полученных от иностранных государств, международных и иностранных организаций, иностранцев, лиц без гражданства» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 242 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16492 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары, мерзімі және нысанында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары, мерзімі және нысаны (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - субъектілер) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан (бұдан әрі-көз) алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) мемлекеттік кірістер органына ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімін айқындайды.»; 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мәліметтерді ұсынудың есепті кезеңі көздерден ақшаны және (немесе) алған және жұмсаған және (немесе) өзге де мүлікті өткізген жарты жылдық болып табылады. 4. Мәліметтер осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша есепті жарты жылдықтан кейінгі екінші айдың 15-інен (он бес) кешіктірмей табыс етіледі. Көрсетілуге жататын мәліметтер болмаған жағдайда, аталған мәліметтер нөлдік мәнмен табыс етіледі.» 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 бұйрығына қосымша Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларына, мерзіміне және нысанына 1-қосымша
Басқа 1. «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы ұсынылатын мәліметтер» есептілігінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы ұсынылатын мәліметтер» есептілігінің нысанына қосымша «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы ұсынылатын мәліметтер» есептілігінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме (018.00 нысан)
1-тарау. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме (018.00 нысан)
Тармақ 1
1. «Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (құрылымдық бөлімше) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) ЖСН (БСН) - « Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 29-бабының 1-тармағының бірінші бөлімінің 2) тармақшасына сәйкес көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған субъектілердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
Тармақша 2
2) Жеке тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның немесе құрылымдық бөлімше атауы - көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған субъектінің тегі, аты әкесінің аты (болған кезде) немесе атауы;
Тармақша 3
3) мәліметтер табыс етілетін салықтық кезең - субъектінің көздерден алынған ақша және (немесе) жұмсалғаны және (немесе) өзге де мүліктер өткізілген есепті кезең (жарты жылдық, жыл) (араб цифрларымен көрсетіледі);
Тармақша 4
4) мәліметтердің түрі көрсетіледі. Тиісті ұяшық мәліметтерді негізгі немесе қосымшаға жатқызуды ескере отырып белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны және жұмсаған туралы» деген бөлімде:
Тармақша 1
1) 018.00.001 жолда, Көздерден алынған ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы, алған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада Мәліметерге қоса берілетін тізілімнің (бұдан әрі – Алғаны туралы тізілім) «В» және «F» бағандарының қортынды сомасы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 018.00.002 жолда ақшаны және (немесе) өзге де мүліктерді жұмсаған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада Мәліметерге қоса берілетін, Көздерден алынған ақша және (немесе) өзге де мүліктерді жұмсағаны туралы тізілімнің (бұдан әрі – Жұмсағаны туралы тізілім) «F» және «К» бағандарының қортынды сомасы көрсетіледі;
Тармақ 3
3. «Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың (құрылымдық бөлімшелердің) жауаптылығы» деген бөлімде:
Тармақша 1
1) «Жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның (құрылымдық бөлімшенің) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда субъектінің немесе басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және мәліметтер берілген күн көрсетіледі;
Тармақша 2
2) мәлімет берілген күн - мемлекеттік кірістер органына хабарлама берген ағымдағы күн;
Тармақша 3
3) тұрғылықты/орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
Тармақша 4
4) «Мәліметтерді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, жөні (болған кезде)» деген жолда мәліметтерді қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, жөні (болған кезде) және мәліметтерді қабылдаған күні көрсетіледі;
Тармақша 5
5) мәліметтерді қабылдау күні - Салық кодексінің 29-бабының 1-тармағы бірінші бөлімінің 2) тармақшасына сәйкес мәліметтер берілген күн көрсетіледі;
Тармақша 6
6) мәліметтердің кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органдары берген, мәліметтерді тіркеу нөмірі көрсетіледі. Осы аталған тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларын қағаз тасымалдағышта хабарламаны қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері толтырады.
Тарау 2. 2-тарау. Алғаны туралы тізілім – 018.01 нысанын толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Алғаны туралы тізілім – 018.01 нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 4
4. «Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (құрылымдық бөлімше) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) ЖСН (БСН) деген жолда - көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған субъектілердің ЖСН немесе БСН көрсетіледі;
Тармақша 2
2) Мәліметтер табыс етілетін салық кезеңі - субъектінің көздерден ақша алған және (немесе) жұмсалған және (немесе) өзге де мүліктер өткізілген есепті кезеңі (жарты жылдық, жыл) көрсетіледі (араб цифрларымен көрсетіледі);
Тармақ 5
5. «Ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы ақпарат» деген бөлімде:
Тармақша 1
1) А бағанында - субъектілердің көздерден алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы деректер көрсетілетін кесте жолдарының реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында - ұлттық валютада алған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша іс жүзінде алынған сома көрсетіледі. В бағанының қорытынды шамасы «Барлығы» деген жол бойынша көрсетіледі және барлық парақтардың аталған бағанында көрсетілген барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;
Тармақша 3
3) С бағанында – іс жүзінде алынған мүліктің (жылжымалы/ жылжымайтын және (немесе) өзге де мүліктер) атауы;
Тармақша 4
4) D бағанында – іс жүзінде алынған мүліктердің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде);
Тармақша 5
5) Е бағанында - іс жүзінде алынған мүліктің саны;
Тармақша 6
6) F бағанында - іс жүзінде алынған мүліктің алған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютадағы құны көрсетіледі. F бағанының қортынды шамасы «Барлығы» деген жол бойынша көрсетіледі және барлық парақтардың аталған бағанында көрсетілген барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;
Тармақша 7
7) G бағанында – ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған нақты күн;
Тармақша 8
8) Н бағанында - қызмет түрі: А - заңдық көмек көрсету, оның ішінде құқықтық ақпарат беру, азаматтардың және ұйымдардың мүддесін қорғау және өкілі болу, сондай-ақ оларға консультация беру; В - қоғамдық пікір сауалнамаларын, әлеуметтік сауалнамалар жүргізу және зерделеу (коммерциялық мақсатта жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамаларын және әлеуметтік сауалнамаларды қоспағанда), сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және орналастыру; С - көрсетілген қызмет коммерциялық мақсатта жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ақпараттарды жинау, талдау және тарату;
Тармақша 9
9) І бағанада - ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу көзінің коды: 1 - шет мемлекет; 2 - халықаралық және шетелдік ұйымдар; 3 - шетелдіктер; 4 - азаматтығы жоқ тұлғалар;
Тармақша 10
10) J бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді берген резиденттік елдердегі дереккөздердің атауы көрсетіледі;
Тармақша 11
11) K бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді берген дереккөздердің елінің атауы көрсетіледі;
Тармақша 12
12) L бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді берген субьектінің резиденттік елдегі тіркеу нөмірі. Азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 13
13) M бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы құжаттың күні (құжат болған жағдайда);
Тармақша 14
14) N бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы құжаттың нөмірі (құжат болған жағдайда);
Тармақша 15
15) O бағанында - төлем түрі (қолма-қол ақша алған жағдайда - 1, қолма-қол ақшасыз - 2);
Тармақша 16
16) P бағанында - банктің атауы көрсетіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Жұмсағаны туралы тізілім – 018.02 нысанын толтыру бойынша түсіндірме
3-тарау. Жұмсағаны туралы тізілім – 018.02 нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. «Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (құрылымдық бөлімше) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) ЖСН (БСН) деген жолда - көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған субъектілердің ЖСН немесе БСН;
Тармақша 2
2) Мәліметтер табыс етілетін салықтық кезең - көздерден жұмсалған ақша және (немесе) мүліктер өткізілген есепті кезең (жарты жылдық, жыл) (араб цифрларымен көрсетіледі);
Тармақша 3
3) А бағанында - субъектілердің көздерден алған ақша және (немесе) өзге де мүліктерді жұмсағаны туралы ақпарат көрсетілетін кесте жолдарының реттік нөмірі;
Тармақша 4
4) В бағанында – көздерден ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған субъектілердің ЖСН немесе БСН;
Тармақша 5
5) С бағанында - көздерден ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған субъектілердің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы;
Тармақша 6
6) D бағанында - ақшаны жұмсау немесе өзге де мүлікті өткізу күні;
Тармақша 7
7) Е бағанында - ақшаны жұмсау немесе өзге де мүлікті өткізу құжатының нөмірі;
Тармақша 8
8) F бағанында – ақшаны жұмсаған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютадағы жұмсалған ақшаның сомасы көрсетіледі. F бағанының қортынды шамасы «Барлығы» деген жол бойынша көрсетіледі және барлық парақтардың аталған бағанында көрсетілген барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;
Тармақша 9
9) G бағанында - төлем түрі (ақшаны қолма-қол алған жағдайда - 1, қолма-қол ақшасыз - 2);
Тармақша 10
10) Н бағанында - өткізілген мүліктің атауы, мұнда іс жүзінде алынған жылжымалы/жылжымайтын мүлік және (немесе) өзге де мүлік туралы мәліметтер көрсетіледі;
Тармақша 11
11) І бағанында - сәйкестендіру нөмірі (болған кезде);
Тармақша 12
12) J бағанында - өткізілген мүліктің саны;
Тармақша 13
13) К бағанында – мүлікті сату күні валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютадағы өткізілген мүліктің құны көрсетіледі. К бағанының қортынды шамасы «Барлығы» деген жол бойынша көрсетіледі және барлық парақтардың аталған бағанында көрсетілген барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады.