О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 252 «Об утверждении Правил применения системы управления рисками по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізімінде № 16534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 403 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығымен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) санаттау субъектісі – тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалауға жататын салық төлеушi (салық агенті);
Тармақша 2
2) тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін іс-шаралар кешені.
Тармақ 3
3. Тәуекелдердің дәрежесін (деңгейін) бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
Тармақша 1
1) санаттау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторинг нәтижелері;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелерi;
Тармақша 3
3) бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелерi;
Тармақша 4
4) уәкілетті органдар мен ұйымдар табыс ететін мәліметтерді талдау нәтижелері.
Тарау 2. 2-тарау. Салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы ақпараттандыру тәртібі мен мерзімі
2-тарау. Салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы ақпараттандыру тәртібі мен мерзімі
Тармақ 4
4. Салық төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жататыны туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында (бұдан әрі – сайт) және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша cалық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпаратқа қол жетімді.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделінген салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жарты жылдықтың бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сайтта сұрау салудыды өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Сайттағы сұрау салуды өндеу 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Салық төлеушiнiң қызметi тиісті тәуекел дәрежесiне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттар туралы осындай салық төлеушiлердi ақпараттандыру тәртібі және мерзімі
3-тарау. Салық төлеушiнiң қызметi тиісті тәуекел дәрежесiне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттар туралы осындай салық төлеушiлердi ақпараттандыру тәртібі және мерзімі
Тармақ 6
6. Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер мен олардың негізінде өлшемшарттарды есептеу жүзеге асырылған көрсіткіштер, салық төлеушіге «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жарты жылдықтың бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Тармақ 7
7. Ақпараттандырылуы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын жеке тұлғаны қоспағанда, Салық кодексінің 137-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен салық төлеушіні ақпараттандыру 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі, мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жартыжылдықтың алдыңғы үшінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Салық төлеушілер құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымша арқылы түсініктемені өз бастамасы бойынша жолдайды.
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген, мемлекеттік кірістер органдары алған түсініктемелер негізді болған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде, осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзгертілген мәліметтерді «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына жолдай отырып, есепке алуға жатады.
Тарау 4. 4-тарау. Салық төлеушілердің тәуекелдер дәрежесі (деңгейі) туралы ақпаратты өзектендіру кезеңділігі
4-тарау. Салық төлеушілердің тәуекелдер дәрежесі (деңгейі) туралы ақпаратты өзектендіру кезеңділігі
Тармақ 11
11. Санаттарға бөлу субъектісінің тәуекел дәрежесі (деңгейі) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылда бір рет өзектендіріледі. Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген кезде, тәуекел дәрежесі (деңгейі) төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі (деңгейі) айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады. Егер жоғары немесе орташа тәуекел санатындағы салық төлеуші санаттарға бөлу жүргізілген жартыжылдықтың басынан бастап ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 75 (жетпіс бес) миллион теңгеден, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 45 (қырық бес) миллион теңгеден, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 (жиырма) миллион теңгеден астам сомада салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеген және бұл ретте салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша бюджет алдында берешегі болмаған жағдайда, онда бұрын берілген тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) санаты тиісінше орташа немесе төмен дәрежеге (деңгейге) өзгертілуге жатады. Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды. Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып айқындалады.
Тарау 5. 5-тарау. Жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары
5-тарау. Жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары
Тармақ 12
12. «Салықтық жүктеме» өлшемшарты «Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 253 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16518 болып тіркелген) Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қадиғаларының негізінде айқындалады. Өлшемшарт арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер және корпоративтік табыс салығынан босатылатын салық төлеушілер бойынша есептелінбейді. Соңғы есепті күнтізбелік жыл есеп айырысу жүргізілетін кезең болып табылады. Әрбір өңір үшін есептелетін салықтық жүктеменің орташа салалық көрсеткіші салыстыру үшін базалық көрсеткіш болып табылады. «Салықтық жүктеме» өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген. Салықтық жүктемені есептелген салықтардың салық салынатын кіріске қатынасы арқылы есептеуі тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етпейтін қосымша өлшемшарт ретінде жүзеге асырылады. Қосымша өлшемшартты салыстыру үшін базалық көрсеткіш әрбір өңір үшін бөлек есептелетін тиісті салық ауыртпалығының орташа салалық көрсеткіші болып табылады.
Тармақ 13
13. «Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы» өлшемшарты жеке тұлғалар үшін салық агенті есептеген кірістердің орташа сомасының жұмыскерлердің орташа санына қатынасы ретінде айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы екі есепті күнтізбелік тоқсандар немесе соңғы есептік жартыжылдық болып табылады. Салыстыру үшін базалық көрсеткіш статистика органдарының дерегі бойынша өңірдің орташа айлық жалақысының орташа салалық көрсеткіші болып табылады. Осы өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.
Тармақ 14
14. «Салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы» өлшемшарты корпоративтік табыс салығы бойынша түзетулерді қоса ала отырып шегерімдердің сомасының түзетулерді қоса ала отырып жылдық жиынтық кірістерне аракатынасы 0,98-ден 1 дейінгі диапазонда болатын жағдайда айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады. Аталған өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 15
15. «Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелер» өлшемшарты, егер қосылған кұн салығы бойынша декларацияда осы декларацияны табыс ету күніне орай қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жеткізушіні көрсеткен жеткізушінің есепке алу сомасы айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мың еселенген мөлшерінен асу жағдайында айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы екі есепті күнтізбелік тоқсандар болып табылады. Аталған өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 16
16. «Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету» өлшемшарты, егер соңғы 3 (үш) салықтық кезең (жыл) ішінде салық есептілігінде залал көрсетілетін жағдайда айқындалады. Салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезең бойынша айқындалады. Залалдар кезеңінен инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерді қолдану себебінен қалыптасқан залалдар кезеңі алып тасталады. «Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету» өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 17
17. «Бұрын ұсынылған салық есептілігінде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу» өлшемшарты, егер салық төлеуші корпоративтік табыс салығы және (немесе) қосымша құн салығы бойынша жалпы сомасы 10 (он) миллионнан астам теңгеге азайтуға бестен астам қосымша декларациялар ұсынған, бұл ретте осындай декларацияларды ұсыну үшін белгіленген күннен бастап он екі және одан да көп айлар өтіп кеткен жағдайда айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай. Iрі салық төлеушілер мониторингіндегі салық төлеушілер бойынша, сондай-ақ филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар салық төлеушілер бойынша өлшемшарт қолданылмайды. «Бұрын ұсынылған салық есептілігінде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу» өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 18
18. «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды» өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалардың болуы, олардың Салық кодексінің 96-бабы бойынша орындау белгіленген күнінен 15 (он бес) және одан да көп күн өтуі жағдайында айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы 6 (алты) ай болып табылады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 19
19. «Арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, Салық кодексінде белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауы» өлшемшарты оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің екі кезек салықтық кезең бойынша декларацияларда көрсетілген кірісі осындай арнаулы салық режимін қолдануға құқық беру үшін кірістің шекті мәнінен 98 ден 99 пайызға дейінгі диапазонда болатын жағдайда айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең қолданылатын арнаулы салық режиміне сәйкес соңғы екі есепті кезең болып табылады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 5 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 20
20. «Салықтық мониторингке қатысу» өлшемшарты көлденең мониторинг туралы келісім болған жағдайда айқындалады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
Тармақ 21
21. «Салық төлеушінің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдануы» өлшемшарты салық төлеуші деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданған жағдайда айқындалады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – 2 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
Тармақ 22
22. «Салық төлеушінің стандартты тексеру файлын қолдануы» өлшемшарты салық төлеуші стандартты тексеру файлын қолданған жағдайда айқындалады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
Тармақ 23
23. «Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы» өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы 6 (алты) айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
Тармақ 24
24. «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» өлшемшарты санаттау жүзеге асырылатын кезеңнің алдындағы жарты жылдықтағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу динамикасы негізінде айқындалады. Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды. Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып айқындалады. Өлшемшарт 1 (бір) миллион теңгеден астам салық төлеу бойынша тарихи деректері бар салық төлеушілер бойынша есептеледі. «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
Тармақ 25
25. «Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану» өлшемшарты салық төлеуші үш компонентті интеграцияланған жүйені нақты қолданған жағдайда айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай. «Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану» өлшемшартының басымдылығы – 2 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
Тармақ 26
26. «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшарты тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай. «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшартының басымдылығы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
Тарау 6. 6-тарау. Жеке тұлға - салық төлеушіге қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары
6-тарау. Жеке тұлға - салық төлеушіге қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары
Тармақ 27
27. «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегілерді қоспағанда, активтер» деген өлшемшарты уәкілетті органдар мен ұйымдардың мәліметтері негізінде айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 28
28. «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген шетелдік активтер және (немесе) шоттар» деген өлшемшарты салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында ақпарат алмасу туралы шарттар негізінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүліктің болуы туралы мәліметтер негізінде айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 29
29. «Жеке тұлғаның жиынтық жылдық кірісінен екі және одан да көп есе асатын сомаға активтердің ұлғаюы» деген өлшемшарты алдыңғы кезеңдер үшін жеке тұлғаның салық декларациясындағы монетарлық активтердің сомаларын есепке ала отырып, сатып алынған активтердің құны және жеке тұлғаның соңғы тізбекті 3 (үш) салық кезеңіндегі жиынтық жылдық кірісінің сомасы туралы деректердің негізінде айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 30
30. «Шетелдік интернет дүкендерінде сатып алынған жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасына бірнеше рет әкелу» деген өлшемшарты, егер тоқсан ішінде біртекті тауарларды әкелу 3 (үш) реттен артық жүзеге асырылған және «Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімінің 1-қосымшасында белгіленген жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелген нормалардан аспаған жағдайда айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 31
31. «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды» өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындармаған хабарламалардың болуы, олардың Салық кодексінің 96-бабы бойынша орындау белгіленген күнінен 15 (он бес) және одан да көп күн өтуі жағдайда айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы 6 (алты) ай болып табылады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Басқа 1.1. Салық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 1-қосымша нысан Салық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат Биз­нес/же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­ме­рі Тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сі (дең­гейі) Есеп үшін пай­да­ла­ны­л­ған де­ректер­дің өзек­ті­лік кү­ні
Басқа 1.2. Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттар туралы мәлімет
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 2-қосымша нысан Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттар туралы мәлімет № Өл­шем­шар­ттар­дың ата­уы Есеп үшін де­ректер­дің өзек­ті­лік кү­ні Есеп нәти­же­ле­рі бой­ын­ша мән­дер Ба­за­лық мән­дер Ба­за­лық мән­дер бой­ын­ша ес­керт­пе Балл са­ны 1.
Басқа 1.3. Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттардың есептеуін жүзеге асыру бойынша көрсіткіштері
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 3-қосымша нысан Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттардың есептеуін жүзеге асыру бойынша көрсіткіштері № Өл­шем шар­ттар­дың ата­уы Есеп үшін де­ректер­дің өзек­ті­лік кү­ні Көр­сіт­кіш Мәні Ес­керт­пе 1.
Басқа 1.4. «Салықтық жүктеме» өлшемшарттың басымдылығы
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 4-қосымша «Салықтық жүктеме» өлшемшарттың басымдылығы № Ор­та­ша са­ла­лық көр­сет­кіш­тен ауыт­қу пай­ы­зы Тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сіне (дең­гей­іне) әсер етуі Ба­сым­ды­лы­ғы 1. 50 пай­ы­здан жо­ға­ры те­ріс 5 бал қо­су 2. 10-нан 50 пай­ыз­ға дей­ін те­ріс 3 бал қо­су 3. 5-тен 10 пай­ыз­ға дей­ін те­ріс 2 балл қо­су 4. ми­нус 5-тен ми­нус 10 пай­ыз­ға дей­ін оң 3 балл алу 5. ми­нус 10-нан ми­нус 30 пай­ыз­ға дей­ін оң 4 балл алу 6. ми­нус 30 пай­ы­здан жо­ға­ры оң 5 балл алу
Басқа 1.5. «Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы» өлшемшарттың басымдылығы
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 5-қосымша «Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы» өлшемшарттың басымдылығы № Ор­та­ша са­ла­лық көр­сет­кіш­тен ауыт­қу пай­ы­зы Тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сіне (дең­гей­іне) әсер етуі Ба­сым­ды­лы­ғы 1. 50 пай­ы­здан жо­ға­ры те­ріс 1 бал қо­су 2. 5-тен 50 пай­ыз­ға дей­ін те­ріс 0,5 балл қо­су 3. ми­нус 5-тен ми­нус 50 пай­ыз­ға дей­ін оң 0,5 балл алу 4. ми­нус 50 пай­ы­здан жо­ға­ры оң 1 балл алу
Басқа 1.6. «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» өлшемшартының басымдылығы
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 6-қосымша «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» өлшемшартының басымдылығы № Бюд­жет­ке тө­лен­ген са­лық­тар мен бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер со­ма­сы­ның өсі­мі (ал­дың­ғы жар­ты­жыл­дық­та­ғы тө­лем өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зең­де­гі тө­лем­ді алып та­с­та­ған­да) Тәу­е­кел дә­ре­же­сіне (дең­гей­іне) әсер етуі Ба­сым­ды­лы­ғы 1 1 мил­ли­он тен­ге­ден 5 мил­ли­он тең­ге­ні қо­са ал­ған­ға дей­ін оң 2 балл алу 2 5 мил­ли­он тең­ге­ден жо­ға­ры 10 мил­ли­он тең­ге­ні қо­са ал­ған­ға дей­ін оң 3 балл алу 3 10 мил­ли­он тең­ге­ден жо­ға­ры 25 мил­ли­он тең­ге­ні қо­са ал­ған­ға дей­ін оң 4 балл алу 4 25 мил­ли­он тең­ге­ден жо­ға­ры оң 5 балл алу
Басқа 1.7. «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшартының басымдылығы
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 7-қосымша «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшартының басымдылығы № Та­у­ар­лар­ға рә­сім­дел­ген іле­с­пе жүк­құ­жат­та­ры­ның ор­та­ша ай­лық са­ны Тәу­е­кел дә­ре­же­сіне (дең­гей­іне) әсер етуі Ба­сым­ды­лы­ғы 1 1-ден 5 мың­ға дей­ін оң 1 балл алу 2 5 мың­нан 10 мың­ға дей­ін оң 2 балл алу 3 10 мың­нан 100 мың­ға дей­ін оң 3 балл алу 4 100 мың­нан 500 мың­ға дей­ін оң 4 балл алу 5 100 мың­нан жо­ға­ры оң 5 балл алу