О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 августа 2019 года № 639 «Об утверждении Правил деятельности полигонов и учебных центров Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 639 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарыныңжәне оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 639 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19293 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарыныңжәне оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автоайлақ – әскери қызметшілерде автомобильдерді, шынжыр табан тартқыштар мен транспортерлерді жүргізуге оқытып-үйрету және дағдыларын жетілдіру үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі;
2) әскери атыс алаңы – бөлімшелер әскери қызметшілерінің атыс қаруынан, қол, станокты және ұңғыасты гранатаатқыштарынан оқу-жаттығу және бақылау оқ атулары жаттығуларын, жауынгерлік қол гранаталарын лақтыру бойынша жаттығуларды орындауы үшін арналған жергілікті жер учаскесі;
3) әуе авиациялық полигоны – әуеден оқ атуларды, «әуе-әуе» сыныбындағы басқарылатын зымырандарды әуеде радио басқарылатын, парашюттік нысаналармензымыран-нысаналар бойынша ұшуды, қарудан оқ атуды жүргізу үшін, сондай-ақ зениттік зымыран бөлімдері мен бөлімшелерінің, зениттік артиллериялық бөлімшелер мен бөлімдердің оқ атуларды жүргізуі және әуедегі нысаналар бойынша зымырандарды ұшыру үшін жабдықталған әуе кеңістігі бар арнайы бөлінген жергілікті жер учаскесі;
4) әуе шабуылына қарсы қорғаныстың оқ ату қалашығы – экипаждар (есептоптар) нөмірлерін оқ ату және жауынгерлік жұмыс, винтовка патрондарымен оқу-жаттығу және жауынгерлік оқ атуларды орындаумен зениттік зымыран-артиллериялық батареяны жауынгерлік шоғырландыру және оқ атумен басқару қағидаларына жеке даярлау үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі бар оқу-жаттығу объектісі;
5) барлаушы соқпағы – барлау бөлімшелерін тактикалық-арнайы және арнайы даярлау бойынша, сондай-ақ әскер тектерін барлауға даярлау бойынша оқытып-үйрету үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі;
6) бастапқы шеп – оқып-үйренушілердің кезекті ауысымын оқ атуға сапқа тұрғызу және даярлау, жаттығуды орындау алдында жауынгерлік машиналарды орналастыру және бөлімшелерге міндеттер қою үшін қауіпсіз орынды білдіретін сызық. Жауынгерлік оқ атумен және артиллериядан жауынгерлік оқ атулармен тактикалық оқу-жаттығуларда әскерлердің жауынгерлік реттіліктерінің тереңдігіне байланысты бастапқы қалып оқу-жаттығу объектісінің шекарасынан тыс тағайындалады;
7) жаяу әскерлер жауынгерлік машиналарының оқ ату қалашығы – жаяу әскерлер жауынгерлік машиналарындағы, броньдытранспотерлардағы) және броньды дөңгелекті машиналардағы мотоатқыштар бөлімшелері әскери қызметшілерінің даярлық жаттығуларын орындауы бойынша танк-оқ ату жаттықтыруларын жүргізу үшін арналған объект;
8) имитациялау – макеттерді, радиотехникалық, радиоэлектрондық, пиротехникалық, жарық түсіру, дыбыстау, түтін және инженерлік құралдар, сондай-ақ әртүрлі құрылысты (басқару пункттерін, жертасалар, траншеялар, бекіністер) орнату арқылы әскерлерге, әскери объекттерге, әскери техника мен қару-жараққа тән жалған объектілер, белгілер жасау;
9) имитациялау алаңы – тактикалық оқу-жаттығулар ниеті бойынша арнайы дайындалған және имитациялау құралдарымен жабдықталған нысана алаңының жергілікті учаскесі;
10) имитациялау-жарғыш команда – имитациялау және жарылмаған оқ-дәрілерді (снарядтарды, миналарды, авиациялық бомбаларды, имитациялау зарядтары мен жарылу қаупі бар заттарды) жару үшін арналған команда;
11) имитациялау құралдары – әскери қызметшілерде нақты ұрысты көрнекі, дыбыс және жарық түсірумен радиотехникалық, радиоэлектрондық, пиротехникалық, жарық түсіру, дыбыстау, түтін және инженерлік құралдарды қолдану арқылы жасауға ықпал ететін құрылғы (жабдық);
12) инженерлік қалашық – инженерлік бөлімшелерді әскер тектерін тактикалық-арнайы, арнайы және инженерлік даярлау бойынша оқытып-үйрету үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі;
13) кабельдік желілер блиндаждары мен тарату құдықтары – бұл электр жетектерін, электр қалқандар мен коммутациялық аппаратураларды орналастыру үшін қажетті құрылыс;
14) машина айлағы – механик-жүргізушілерді, экипаждар мен есептоптарды инженерлік машиналарды жүргізуге және инженерлік міндеттерді шешуге оқытып-үйрету үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі;
15) нысана – нақты нысанаға анағұрлым тән белгілерді имитациялайтын жасанды нысана (көлемі, нысаны, түсі, кей кезде материал, қозғалу тәсілі мен жылдамдығы);
16) нысана алаңы – онда оқу-жаттығулар, оқ атулар және жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар өткізу үшін арнайы дайындалған және нысаналы жағдаймен (оқу-жаттығу ниеті немесе оқ ату жаттығулары шарттарымен) жабдықталған жергілікті жер учаскесі;
17) оқ атуды бастау шебі – оқ атуға рұқсат берілетін сызық;
18) оқ атуды тоқтату шебі – оған жеткен кезде оқ атуға жол берілмейтін сызық. Танк директрисасының, жауынгерлік машина директрисасының оқ атуды тоқтату шебінде оқ ату жаттығуларын орындағаннан кейін танкілердің, жауынгерлік машиналардың, броньды транспортерлардың оған шығуын белгілеу үшін аспаптар орнатылады. Әскери атыс орындарында бастапқы қалып, оқ атуды бастау және тоқтату шептері жергілікті жер заттарымен, ал директрисалар мен оқ ату қалашықтарында – сілтемелермен белгіленеді;
19) оқу-жаттығу объектісі – әскери қызметшілерде психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру үшін әскерлерді жауынгерлікке анағұрлым жақын жағдайларда міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін жабдықталған арнайы бөлінген жергілікті жер (су, су түбі) учаскесі немесе құрылыс;
20) оқу-жаттығу орталығы – бір немесе бірнеше әскер тектерінің (күштерінің) бөлімшелері мен бөлімдері (корабльдері) әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау және далалық (әуе, теңіз) дағдылары деңгейін арттыру міндеттерін іс жүзінде пысықтау үшін арналған кешенді оқу-жаттығу объектілері бар әскери бөлім. Тағайындалуына байланысты оқу-жаттығу орталығында оқу-жаттығу алаңдары мен қалашықтар, полигондар, атыс алаңдары, танк айлақтары, автоайлақтар мен машина айлағы болады;
21) орталық командалық, командалық және учаскелік пункттер – нысаналық жағдайды және имитациялауды басқару, жеке құрамға басшылық жасау және қадағалау жүргізу үшін арналған объектілер;
22) полигон – әскерлердің (күштердің) жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу, қару мен әскери техниканы сынау үшін, сондай-ақ әскери зерттеулер жүргізу үшін тұрақты (уақытша) пайдалану құқығында бөлінген, үстінен әуе кеңістігі бар арнайы бөлінген жер (су) учаскесі және ол:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің, арнайы әскерлерінің, оқу-жаттығу орталықтары мен әскери-оқу орындарының полигондары;
жерүсті, теңіз, әуе және арнайы болып бөлінетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық полигондары болып бөлінеді;
23) полигон жабдығы – барлық қару түрлерінен оқ атулар жүргізу кезінде әскери қызметшілерді оқытып-үйрету үшін жергілікті жер учаскесінде пайда болатын және жылжымалы нысаналары, имитациялау жарық-пиротехникалық құралдары бар қажетті нысаналық жағдай жасайтын, сондай-ақ полигон жабдығының жеке қондырғылары (аспаптары, агрегаттар, механизмдері), командалық пункттерден (учаскелік басқару пункттерінен) электр тұтынушыларға дейін орналасқан нысана алаңының қуат беру және бақылау кабельдері желілері кіретін техникалық құралдар кешені;
24) полигонның инженерлік-техникалық жабдығы – тактикалық бағдарлар, техника корпусы, қару-жарақ пен жауынгерлік техника макеттері, декоративті және жерге орнатылған құрылыстар, өткерме жолдарды және нысаналы қондырғыларды орналастыру орындарын топырақпен үю, жауынгерлік машиналардың жүру және қайтып оралу жолдары, асфальтталған және жайдақ жолдар, орлар мен траншеялар, сондай-ақ полигонда жасалған топогеодезиялық тірек желісі;
25) полигонды электрмен жабдықтау жабдығы – полигонның ғимараттары мен құрылыстарына дейін тартылған электр беру желісінің электр-техникалық құралдары, трансформаторлық шағын станциялары, қуат беру кабельдік желілер, сондай-ақ полигон жолдарына, ғимараттары мен құрылыстарына жарық беру желілері;
26) радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қалашығы – радиациялық химиялық және биологиялық қорғау әскерлері бөлімшелерін әскер тектерін тактикалық-арнайы және арнайы даярлауға және РХБ қорғау бойынша даярлауға оқытып-үйрету үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі.
27) тактикалық алаң – бөлімшелермен тактикалық оқу-жаттығуларды тактикалық-саптық сабақтарды өткізу, сондай-ақ әскери қызметшіні жеке даярлау үшін арналған жергілікті жер учаскесі;
28) танк айлағы – әскери қызметшілерді танкілерді, өздігінен жүретін артиллериялық және зениттік қондырғыларды, жаяу әскер жауынгерлік машиналарын, дөңгелекті, шынжыр табан броньды транспортерларды және олардың базасындағы машиналарды жүргізуге оқытып-үйрету және дағдыларын жетілдіру үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі бар оқу-жаттығу объектісі;
29) танк директрисасы (жаяу әскер жауынгерлік машинасы директрисасы, БТР директрисасы, аралас директриса) – танкілерден (жаяу әскер жауынгерлік машинасынан, броньды транспортерлардан, броньдалған дөңгелекті машиналардан), оқу-жаттығу және бақылау оқ атулары жаттығуларын орындау және взвод құрамында оқ атуды басқаруды оқытып-үйрету үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі бар оқу-жаттығу объектісі;
30) танктен оқ ату қалашығы – танк бөлімшелері даярлық жаттығуларының жаттықтыруын жүргізу үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі бар оқу-жаттығу объектісі;
31) танкіге қарсы басқарылатын зымырандардан және артиллериядан оқ ату үшін директриса – артиллериялық және танкке қарсы бөлімшелердің жауынгерлік оқ атуы жаттықтыру, сынақ, имитациялау оқ атуларын және тактикалық оқу-жаттығулар жүргізу үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі бар оқу-жаттығу объектісі;
32) танк-оқ ату жаттықтыруы – танкистерді танктен оқ атуды жүргізуге негізгі оқытып-үйрету нысаны. Танк ротасы немесе оқу-жаттығу танк взводы құрамында танктен оқ ату қалашығында өткізіледі. Оқу-жаттығу орындары толқыту рамаларымен, оқу-жаттығу мұнараларымен, тренажерлармен, көздегіштері бар станоктармен жабдықталады. Оқ ату қалашығы алдында нысана алаңы жасалады;
33) теңіз авиациялық полигоны – авиациялық бөлімдер әуе кемелері экипаждарының теңіз жылжымалы және жылжымайтын, суүсті және жерүсті нысаналары бойынша жауынгерлік қолдануды пысықтау үшін жабдықталған, теңіз түбі және оған іргелес жағалаудың бір бөлігі бар арнайы бөлінген теңіз акваториясы;
34) тыл ауданы – оқу-жаттығу объектісінің бастапқы қалпы мен тылдық шекарасы арасында орналасқан аудан, сабақтарға (оқ атуға және жүргізуге) келген бөлімшелерді шоғырландыру, материалдық бөлікті сабақтарға дайындау, әртүрлі сабақтар мен жаттықтырулар өткізу үшін жабдықталады;
35) ұшуларды басқару тобы – авиациялық полигонда және оның әуе кеңістігінде әуе кемесі экипаждарының ұшу міндеттерін толық, уақтылы және қауіпсіз орындауын қамтамасыз етуге бағытталған ұшуға басшылық жасау тобының әрекеті.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрлық және арнайы мақсаттағы әскерлерінің, оқу-жаттығу орталықтары мен әскери оқу орындарының полигондары әскерлердің жедел, жауынгерлік даярлығы (оқу процесі) жөніндегі қызметті қамтамасыз ету үшін қойылған мүмкіндіктер мен міндеттерге, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатына қарай төрт санатқа бөлінеді:
1) бірінші санат – зақымдау құралдарын қолдана отырып, жедел, жедел-тактикалық және тактикалық оқу-жаттығулар өткізуді қамтамасыз етеді;
2) екінші санат – жауынгерлік оқ атуды күшейту құралдарымен полкке (батальонға, дивизионға) дейін тактикалық оқу-жаттығулар өткізуді қамтамасыз етеді;
3) үшінші санат – ротаға дейін жауынгерлік оқ атуды күшейту құралдарымен тактикалық оқу-жаттығулар өткізуді қамтамасыз етеді;
4) төртінші санат – взводқа дейін жауынгерлік оқ атуларды жүргізуді қамтамасыз ету.
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Полигонда оқ атулар мен оқу-жаттығуларды өткізу үшін қару-жарақ жүйесі және оқ-дәрілер (снарядтар) түрлері:
1) қарамағында полигондар тікелей болатын өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектері қолбасшыларының бұйрықтарымен;
2) қарамағында полигондар болатынҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың құрылымдық бөлімшелеріне және Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының басқармаларына тікелей бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) командирлерінің бұйрықтарымен айқындалады.»;
116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«116. Әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі жауынгерлік оқ атумен тактикалық оқу-жаттығу басталғанға дейін 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей және взводтың (бөлімшелердің) жауынгерлік оқ атулары басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей полигон бастығына бөлім бойынша оқ атуды жүргізу және нарядтың лауазымды адамдарын тағайындау туралы бұйрықтан үзіндіні, нысана жағдайының схемасын, сондай-ақ нысаналарды дайындауға және нысана алаңын жабуға өтінімді ұсынады.»;
166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«166. Жерүсті (теңіз) авиациялық полигонында мынадай арнайы объектілер жабдықталады:
командалық-бақылау пункті;
тікұшақтарға арналған қону алаңдары;
қоршау бекеттері.
Авиациялық полигондардағы нысаналар мен арнайы объектілердің тізбесі және олардың шартты белгісі осы Қағидаларға 12-қосымшада келтірілген.»;
225-тармақ алып тасталсын;
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
26-қосымша алып тасталсын;
27-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚазақстанРеспубликасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға,оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. _____________________ полигонының (авиациялық полигонының)
формуляры
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 29 маусымдағы
№ 421 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері полигондарының және
оқу-жаттығу орталықтарының
қызметі қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_____________________ полигонының (авиациялық полигонының)
формуляры
Әскери бөлім
Оқу-жаттығу полигоны
Полигон аумағы
Полигон көлемі: маңдайшеп бойынша
тереңдікте
Құқық белгілейтін құжаттар
Полигон бастығы
Полигон бастығының орынбасары
Пошталық мекенжайы:
Электрондық мекенжайы:
Теміржолдеректемелері
Жабдықталған техниканы тиеу орындарының болуы (тік қойылған және бүйір рампаларының болуы, олардың жай-күйі)
Жақын жерде азаматтық (әскери) әуеайлақтардың болуы
Байланыс:
Телефондар:
МТҚ нөмірі
ЖОБ нөмірі
ұялы байланыс нөмірі
Бөлім командирі
Командирдің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары
Бөлім бойынша кезекші
Полигон бастығы
Полигон бойынша кезекші
Оқу-жаттығу объектілері
штат бойынша
тиісті
қолда бар
Оқу-жаттығу тактикалық алаңы
полигон жабдығы (жиынтық, шығарылған жылы, өндіруші, құрамы)
Әскери атыс алаңы
полигон жабдығы (жиынтық, шығарылған жылы, өндіруші)
Танк директрисасы
полигон жабдығы (жиынтық, шығарылған жылы, өндіруші)
ЖӘЖМ (БТР) директрисасы
полигон жабдығы (жиынтық, шығарылған жылы, өндіруші)
басқа объектілер көрсетілген үлгіге ұқсас толтырылады
кедергілер (түрлер саны)
Қолда бар кедергілер сипаттамасы
Жеке құрам
ОЖМР техникасы
Санаты
штат бойынша
тізім бойынша
атауы
штат бойынша
тізім бойынша
Офицерлер
Сержанттар
Сарбаздар
Азаматтық персонал адамдары
Барлығы
Арнайы техника
Жиынтықталмау(адам)
Жиынтықталмау(%)
Рұқсаты бар (адам), оның ішінде:
1-нысан бойынша рұқсат
Автомобильдер:
2-нысан бойынша рұқсат
3-нысан бойынша рұқсат
Эл/станциялар (дизельді, бензинді агрегаттар)
Полигонда қуаты көрсетілген трансформаторлық кіші станциялардың (бұдан әрі – ТКС) болуы, оның ішінде:
Барлығы
ТКС-100
ТКС-160
Энергиямен жабдықтау
Жылумен жабдықтау
Сумен жабдықтау
Полигондағы әскерлер қызметін ұйымдастыру
Объектілердің күзеті саны _____ адам тәуліктік нарядпен ұйымдастырылған, оның ішінде:
Тәуліктік нарядтың байланыс құралы
Инфрақұрылым
Объектатауы
Ғимарат атауы
Қолда бары
Параметрлері және салынған жылы
Жай-күйі
Әкімшілік-шаруашылық аймақ
Әскери атыс алаңы
Танк директрисасы
Бақылау-өткізу пункті
Барлығы ғимараттар
1) бөлімшелердің (взводтардың) жауынгерлік оқ атуларын, роталық (батальондық, бригадалық) тактикалық және арнайы оқу-жаттығуларды жүргізу жөніндегі;
2) полигонда қолдануға рұқсат етілген қару-жарақ жүйелері және оқ-дәрілер түрлері бойынша;
3) майдан және армиялық авиацияны пайдалану бойынша;
4) десант түсіру бойынша;
5) басқа да мүмкіндіктері мен ерекшеліктері.
Күні
Оқу-жаттығу объектілері
болуы қажет
қолда бары
Командалық-бақылау пункті
Координаттары (орналасқан жері)
Бақылау пункті
Координаттары (орналасқан жері)
Қону алаңы
Алаң ортасының координаттары (орналасқан жері), көлемі
Бомбалайтын алаң
Нысана нөмірі, координаттары, бұрыштық шағылысу түрі және саны, түнгі нысана шамдарының түрі, азимут және болжамды көздеу нүктесінің арақашықтығы
Ату алаңы
Нысана нөмірі, нысаналар саны
Тактикалық алаң
Нысана нөмірі және атауы, бірлік саны, нысана ортасының координаттары
Жеке құрам
Техника
Санаты
штат бойынша
тізім бойынша
Атауы
штат бойынша
тізім бойынша
Офицерлер
Сержанттар
Сарбаздар
Азаматтық персонал адамдары
Барлығы
Арнайы техника
Жиынтықталмау (адам)
Жиынтықталмау (%)
Рұқсаты бар (адам), оның ішінде:
1-нысан бойынша рұқсат
Автомобильдер:
2-нысан бойынша рұқсат
3-нысан бойынша рұқсат
Эл/станциялар (дизель, бензинді агрегаттар)
Полигонда қуаты көрсетілген трансформаторлық кіші станциялардың (бұдан әрі – ТКС) болуы, оның ішінде:
барлығы
ТКС-60
ТКС-100
ТКС-160
Энергиямен жабдықтау
Жылумен жабдықтау
Сумен жабдықтау
Полигондағы әскерлер қызметін ұйымдастыру
Объектілердің күзеті саны _____ адам тәуліктік нарядпен (вахталық әдіспен) ұйымдастырылған, оның ішінде:
Тәуліктік нарядтың байланыс құралдары
Инфрақұрылым
Объектінің атауы
Ғимараттың атауы
Қолда бары
Параметрі және салынған жылы
Жай-күйі
Әкімшілік-шаруашылық аймақ
Барлығы ғимараттар
күні
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы «___»_____
№ ___бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері полигондарының және
оқу-жаттығу орталықтарының
қызметі қағидаларына
2-қосымша
Р/с №
Құжаттың атауы
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің, арнайы әскерлерінің, әскери бөлімдері менәскери-оқу орындары оқу-жаттығу орталықтарының полигондары
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық полигондары (жерүсті, теңіз, әуе және арнайы)
Полигон бастығының құжаттамасы
1.
Полигонның бас жоспары (М1:25000)
+
-
2.
Полигон схемасы (А1 форматы)
-
+
3.
Жер пайдалану құқығына мемлекеттік акт
+
+
4.
Полигонның (авиациялық полигонның) формуляры)
+
+
5.
Авиация қолданылатын полигондар үшін аэронавигациялық паспорт
+
+
6.
Полигонның қауіпсіздік шаралары жөніндегі картасы
+
-
7.
Полигондағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулық
+
-
8.
Полигонды қоршау схемасы
+
+
9.
Өртке қарсы іс-шаралар жоспары
+
+
10.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары
+
-
11.
Полигонды қоректендірудің кабельдік желісін салу схемасы
+
-
12.
Әкімшіліктің нұсқау беру журналы (оқ атулар, оқу-жаттығу және көлік жүргізу)
+
-
13.
Полигон аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жергілікті халықпен өткізілетін іс-шараларды есепке алу журналы
+
+
14.
Хабардар ету парақтары
+
+
15.
Полигонда өткізілген сабақтарды (оқ атуларды, оқу-жаттығуларды, жүргізуді) есепке алу журналы
+
-
16.
Полигонға келген әскерлерді (әскери бөлімдерді, бөлімшелерді) есепке алу журналы
+
+
17.
Полигонның жеке құрамына қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқау беру журналы
+
+
18.
Полигон жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жоспары
+
-
19.
Полигон жабдығын (қысқы, жазғы) пайдалану режиміне ауыстыру жоспары
+
-
20.
Полигон жабдығын есепке алу кітабы
+
-
21.
Полигондағы материалдық құралдарды есепке алу кітабы
+
-
22.
Полигон жабдығы жиынтығының формуляры (бұйымның паспорты)
+
-
23.
Полигон объектілерін бекіту туралы гарнизон бастығының бұйрығынан үзінді
+
-
24.
Полигон жабдығы мен материалдық құралдарды лауазымды адамдарға бекіту туралы бөлім командирінің бұйрығынан үзінді
+
-
25.
Сабақтар әкімшілігінің лауазымды адамдарына нұсқаулықтар
+
-
26.
Оқу-жаттығу полигонының жарылыс қаупі бар заттардан тазартылған аумағын қабылдау-тапсыру актісі
+
+
27.
Лауазымды адамдардың полигонды (авиациялық полигонды) тексеруді есепке алу журналы
+
+
28.
Полигондағы ұшулар жетекшісінің журналы (авиация қолданылатын полигондар үшін)
+
+
29.
Авиациялық полигонның кезекші ауысымының журналы (авиация қолданылатын полигондар үшін)
+
+
Объект бастығының құжаттамасы
30.
Жарылмаған оқ-дәрілерді, авиациялық бомбаларды, зымырандарды және басқа да жарылыс қаупі бар заттарды есепке алу журналы
+
+
31.
Оқу-жаттығу объектісінде кабельдерді салу схемасы
+
-
32.
Оқу-жаттығу объектісінде өткізілген сабақтарды (оқ атуларды, оқу-жаттығуларды, көлік жүргізуді) есепке алу журналы
+
-
33.
Объект формуляры
+
-
Тармақ 1
1. Әкімшілікке (оқ атудың, көлік жүргізудің, оқу-жаттығудың) нұсқау беру журналы.
Әскери бөлімнің нөмірі,
нұсқаманы өткізу уақыты мен күні
Нұсқау беруді өткізу туралы деректер
Полигон (оқу-жаттығу орталығы) бастығының нұсқау беруді өткізу туралы қолы
Әкімшіліктің лауазымды адамы
Нұсқау берілетін адамның әскери атағы, тегі, инициалдары
Нұсқау берілетін адамның қолы
Тармақ 2
2. Жергілікті тұрғындармен полигон аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы өткізілген іс-шараларды есепке алу журналы
Іс-шараларды өткізу күні
Іс-шараларды өткізген адамның лауазымы, әскери атағы, тегі және инициалдары
Іс-шараның атауы, оны өткізу орны және қатысушылар саны
Мекеме жетекшісінің лауазымы, қолы, тегі, инициалдары және мөрі
Тармақ 3
3. Полигонда өткізілген сабақтарды (оқ атуды, оқу-жаттығуды, көлік жүргізуді) есепке алу журналы
Р/с №
Сабақты өткізу күні мен уақыты
Бөлім нөмірі, бөлімше
Жаттығу нөмірі және техника түрі
Жеке құрамның жалпы саны
Баға
Орындау %
Көлік жүргізуді жалпы бағалау
Көлік жүргізу жетекшісінің әскери атағы, қолы және тегі
өте жақсы
жақсы
қанағаттанарлық
қанағаттанарлықсыз
1.
Тармақ 4
4. Полигонға келетін әскерлерді (бөлімдерді, бөлімшелерді) есепке алу журналы
Р/с
№
Келу күні мен уақыты
Бөлімшенің және бөлімнің нөмірі
Әскери қызметшілердің саны
Келу мақсаты
Әскери атағы, тегі және қолы
1.
Тармақ 5
5. Полигонның жеке құрамына қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқау беру журналы
Р/с
№
Әскери атағы
Тегі, инициалдары
Тармақ 6
6. Авиациялық бомбалардың, зымырандардың және полигондағы басқа да жарылу қаупі бар заттардың жарылмаған оқ-дәрілерін есепке алу журналы:
Р/с
№
Оқ ату күні
Объект және учаске №
Оқ-дәрінің калибрі, маркасы және саны
Іздеу нәтижелері, белгілеу координаттары
Оқ ату жетекшісінің және объект бастығының қолы
Жою туралы актінің № және күні
Жарылу қаупі бар заттарды жою туралы полигон бастығының қолы
1.
Күні (күні, айы, жылы)
Әскери бөлім/әуеайлақ
Әуе кемесінің типі
Жауынгерлік қолдану режимі (деңгейлей ұшу, шүйілу, жауынгерлік бұрылу)
Авиациялық зақымдау құралдарының типі және калибрі
Әке кемесі экипажы командирінің индексі, авиациялық бомба тұрақтандырғышының нөмірі
Жарғыш түрі
Құлау орнының координаттары
күні
Жою туралы актінің №, полигон бастығының қолы
Ескертпе
Нысана №, полигонның тірек нүктесі
радиус (м)
азимут (градус)
табу
жою
1.
Тармақ 7
7. Оқу-жаттығу объектісінде өткізілген сабақтарды (оқ атуды, оқу-жаттығуды, көлік жүргізуді) есепке алу журналы
Оқ ату жүргізілетін объектілерде:
Р/с
№
Сабақты өткізу күні мен уақыты
Әскери бөлім, бөлімше
Жаттығу нөмірі және қару түрі
Жалпы саны
Оқ атуды бағалау
Жалпы бағалау
Оқ ату жетекшісінің әскери атағы, қолы және тегі
өте жақсы
жақсы
қанағаттанарлық
қанағаттанар-лықсыз
1.
Көлік жүргізу жүргізілетін объектілерде:
Р/с №
Сабақты өткізу күні мен уақыты
Әскери бөлім, бөлімше
Жаттығу нөмірі және техника түрі
Жеке құрамның жалпы саны
Көлік жүргізуді бағалау
Жалпы бағалау
Көлік жүргізу жетекшісінің әскери атағы, қолы және тегі
өте жақсы
жақсы
қанағаттанарлық
қанағаттанарлықсыз
1.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы «___»_____
№ ___бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері полигондарының және
оқу-жаттығу орталықтарының
қызметі қағидаларына
3-қосымша
Жүйе
D
max м
∆ D
max м
5Вд м
Чб м
Ұшу кеңістігінің тереңдігі м
5 Ен
м
5В6
м
Бүйірдегі қорғау аймағы-ның ені
м
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Келте артиллерия
100 мм БС-3
20650
4641
260
352
25903
2683
60
3095
122 мм М-30
11800
2226
240
509
14775
1498
46
2053
122 мм Д-30
15300
3053
140
509
19002
1941
55
2505
122 мм 2С1
15230
2953
190
600
18973
2139
50
2789
152 мм Д-20
17410
3700
300
501
21911
2248
55
2804
152 мм 2С3
17053
4297
365
700
24415
2490
85
3275
152 мм 2А36
28532
8193
545
700
39970
4123
85
4908
152 мм 2А65
24598
6265
325
700
33888
3485
60
4245
Танкіге қарсы артиллерия, ЖӘЖМ және танк қару-жарағы
30 мм 2А42
8000
929
130
400
9459
951
11
1362
30 мм 2А72
8000
935
234
400
9569
963
18
1381
100 мм МТ-12
8200
2040
195
500
10935
1621
33
2154
100 мм 2А70
5093
1197
145
500
6940
1201
14
1715
115 мм У-5ТС
12230
3017
190
500
23937
2461
32
2993
125 мм 2А46
9400
3046
170
500
13116
1973
53
2526
130 мм Штурм-С
5000
1195
145
500
11920
1200
14
1710
Минаатқыштар
60 мм Коммандос минаатқышы
3086
760
49
257
4152
409
39
705
82 мм 2Б9, 2Б14
4238
1161
185
500
6084
586
85
1171
120 мм 1938 үлгісіндегі МТ
5889
1410
125
600
8024
780
75
1455
120 мм 2С9, 2С9-1
8798
2136
130
600
11664
1372
28
2000
120 мм 2С12
7201
1773
115
600
9689
954
90
1644
240 мм 2С4
9507
2208
125
1000
12840
1243
95
2338
Реактивті артиллерия
122 мм БМ-21, 9П125, 9А51, 9П138
21064
2852
690
600
27206
4284
1395
6279
220 мм 9П140
36093
4890
1705
1000
45688
9250
2085
12335
300 мм 9А52
80482
12720
1755
2000
98957
4848
1735
8583
Гранатаатқыштар, отшашарлар
30 мм АГС-17
1730
418
75
400
2623
443
15
400
40 мм ГП-25
450
230
40
400
1120
285
14
100
58,2 мм РПГ-16
800
-
-
400
3200
-
-
600
63,5 мм РПГ-18
200
-
-
400
2600
-
-
600
70,3 мм РПГ-7
500
-
-
400
1200
-
-
200
72,2 мм РПГ-22
250
-
-
400
900
-
-
200
72,2 мм РПГ-26
250
-
-
400
900
-
-
200
72,7 мм СПГ-9
4520
816
46
400
5782
775
45
1220
72,7 мм 2А28
1600
781
205
400
2980
482
50
932
105 мм РПГ-29
600
-
-
500
1100
-
-
200
105 мм РПГ-27
200
-
-
500
1100
-
-
200
93 мм РПО-А
1000
-
-
400
1400
330
30
300
Ескертпе:
1) осы кестеге енгізілмеген, сондай-ақ қаруландыруға жаңадан қабылданатын жүйелердің ұшу кеңістігі және бүйірлік қорғау аймақтары келтірілген есептерге ұқсас айқындалады;
2) атыс қаруының барлық түрлері үшін ұшу кеңістігінің тереңдігі оқтың максималды қашықтығымен айқындалады;
3) артиллериялық жүйелер үшін ұшу кеңістігінің тереңдігі ату кезінде қолданылатын зарядқа байланысты өзгертіледі («Толық ауыспалы», «Азайтылған ауыспалы»). Осы жағдайда әрбір ауыспалы зарядқа жүйенің ұшу кеңістігі және бүйірлік қорғау аймағы келтірілген есептерге ұқсас айқындалады;
4) ұшу кеңістігінің тереңдігі 30 мм автоматты зеңбірек үшін көздеуіштің барлық қондырғыларында оқ атуға мүмкіндік бермейтін жауынгерлік машиналар директрисасында жаттығулар жауынгерлік машинаның тек көлденең қозғалысы кезінде жауынгерлік машиналар қару-жарағының көтерілу бұрышын шектейтін керек-жарақтармен орындалуы мүмкін.
Ұшу кеңістігінің тереңдігі әрбір жүйенің барынша жоғары зарядында Dmax максималды кестелік қашықтығының жиынтығы,снарядтың жарылу нүктесінен қауіпсіз қашықтыққа 5Вд шашырауының және Вб радиусының нәтижесіндегі қашықтық бойынша іс жүзінде кестелік мүмкін болатынмаксималды ауытқуыныңметеоролиялық және баллистикалық оқ ату шарттарынан мүмкін болатынмаксималды ауытқуыретінде есептелген, яғни ұшу кеңістігінің тереңдігі Dмах +
∆D мах + 5Вд + Чб (м) тең.
∆D мах есептеу кезінде кестедегі атудың метеорологиялық және баллистикалық шарттарынамаксималды ауытқу мүмкіндігінде қабылданды:
жер үстінен соғатын желдің жылдамдығыWHmax = 25 м/сек;
баллистикалық желдің жылдамдығыWбmax = 20 м/сек;
атмосфера қысымының ауытқуы
∆Нмах = -50 мм рт. ст.;
ауа температурасының баллистикалық ауытқуы
∆Тмах = +30°;
заряд температурасының ауытқуы
∆Тзмах = +35°;
снарядтың бастапқы жылдамдығының ауытқуы
∆Vомах = + 1%.
Бүйірлік қорғау аймақтарының оң және сол жақ ені 5Ен оқ ату бағытынан таралу ортасынан мүмкін болатын максималды ауытқуының,снарядтың жарылу нүктесінен қауіпсіз қашықтықта ұшу кеңістігінің және Чб радиусының тереңдігінетең қашықтыққа қашықтыққа нысана сызығынан 5В6 бүйірлік бағытта снарядтың (минаның) мүмкін болатын максималды ауытқуының жиынтығы ретінде есептелген, яғнибүйірлік қорғау аймағының ені 5Ен (м) + 5Вб (м) + Чб(м) тең.
Бұл реттеЕн = 0 – 20 қысқартылған дайындау үшін бүйірлік бағытындаЕндайындаудың орташа қателігінің шамасы.
5Енмшамасымынадай формула бойынша айқындалады:
5Ен(м)= 5x20x0,001х(D мах +
∆D мах + 5Вб) х 1.05 = 0,105 (D мах +
∆D мах +5Вд).
Снарядтың жарылу нүктесінен қауіпсіз Чб радиусы адам үшін қауіпсіз жарықшақтыңЕудменшікті кинетикалық энергиясы бар қашықтық болып табылады.
Осындай энергияның шамасы ретінде сенімділіктің қажетті дәрежесімен Еуд=1 кгм/см2қабылдауға болады (жойғыш жарықшақтыңменшікті кинетикалық энергиясыорташа Еуд=10 кгм/см2 болуға тиіс деп саналады).
Снарядтың жарылу нүктесінен қауіпсіз қашықтықтағы ЧБ радиусының есебі мынадай формула бойынша жүргізілді:
46=34,9q1/3 х жарықш.In (Vp/Vб),
мұнда,
жарықш.–жарылған снаряд жарықшағының салмағы;
Vp –снарядтың жарылу кезінде жарықшақтың бастапқы жылдамдығы;
Vб–қауіпсіз меншіктікинетикалық энергиясыменжарықшақ жылдамдығы.
Есептеу кезінде осы снарядтың жарылу кезіндегі салмағы анағұрлым жоғары жарықшақтарқабылданды.
Басқа 4
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы «___»_____
№ ___ бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері полигондарының
және оқу-жаттығу орталықтарының
қызметі қағидаларына
27-қосымша
Тармақша 1
1) оқ атудың аға жетекшісі;
Тармақша 2
2) учаскедегі оқ ату жетекшісі (учаскелер саны бойынша);
Тармақша 3
3) оқ ату жетекшісі (оқ атуды жүргізу кезінде);
Тармақша 4
4) қоршау бастығы;
Тармақша 5
5) қоршау(әрбір әскери қызметшіні);
Тармақша 6
6) кезекші байланысшы;
Тармақша 7
7) кезекші фельдшер (дәрігер);
Тармақша 8
8) бақылаушы (учаскелер саны бойынша);
Тармақша 9
9) жауынгерлік тамақтандыру пунктінің бастығы;
Тармақша 10
10) оқ-дәрілерді таратушы;
Тармақша 11
11) кезекші автомобиль жүргізушісі;
Тармақша 12
12) санитариялық автомобиль жүргізушісі;
Тармақша 13
13) өрт автомобилінің жүргізушісі (өрт қауіпті кезеңде);
Танктерден оқ ату кезінде ЖЖМ, БТР, ЖДМ қосымша тағайындалады:
Тармақша 1
1) метеобекет бастығы;
Тармақша 2
2) артиллериялық шебер.
артиллериялық жүйелерден оқ ату кезінде қосымша:
Тармақша 1
1) батареяның әрбір атыс позициясына (жеке взвод, дербес оқ ату міндетін орындайтын зеңбірек) атыс делдалы);
Тармақша 2
2) артиллериялық техник (шебер).
Артиллерия бір учаскеде оқ атқан кезде учаскедегі оқ ату жетекшісінің міндеттері оқ атудың аға жетекшісіне жүктеледі.
Тармақша 1
1) жүргізу жетекшісі;
Тармақша 2
2) учаскеде көлік жүргізу жетекшісі (учаскелер саны бойынша);
Тармақша 3
3) танк айлағы (автоайлақ, машина айлағы) бойынша кезекші);
Тармақша 4
4) қоршау бастығы;
Тармақша 5
5) қоршау (әрбір әскери қызметшіге);
Тармақша 6
6) кезекші байланысшы;
Тармақша 7
7) сигнал беруші;
Тармақша 8
8) кезекші фельдшер;
Тармақша 9
9) жөндеу-эвакуациялау құралының жүргізушісі;
Тармақша 10
10) реттеуші;
Тармақша 11
11) есепке алушы (әр кедергіден 1-2 адамнан);
Тармақша 12
12) нұсқаушы (машиналар саны бойынша);
Тармақша 13
13) кезекші автомобильдің жүргізушісі;
Тармақша 14
14) санитариялық автомобиль жүргізушісі.
Жеңдегі таңғыштар өлшемі 12 см х 21 см, ақ негізде қара түсті әріптермен жазылады.