О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2019 года № 74 «Об утверждении ставок консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан, и базовых минимальных и максимальных размеров ставок консульского сбора, взимаемого за пределами территории Республики Казахстан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерінде: 1-бөлімнің реттік нөмірі 2-жолы алып тасталсын; 6-бөлімнің реттік нөмірі 13-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Бала тууды мемлекеттік тіркеу және тиiстi куәлік беру»; 6-бөлімнің реттік нөмірі 17-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде тиісті куәліктер беру, сондай-ақ қажетті материалдарды ресімдеу».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.