О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 14 «Об утверждении Правил возмещения стоимости товаров и услуг из средств государственного бюджета при реализации их инвалидам через портал социальных услуг» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібін айқындайды.»; 2-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамдардың белсенді және баяу жүріп-тұруына арналған техникалық көмек түрі ; 2) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – халықтың жекелеген санаттарына «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісі болып табылатын әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі; 3) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам; 4) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануды үйрету;»; 2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) ымдау тілі маманы – еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетуге байланысты мүгедектігі бар адамға әлеуметтік қызметтер көрсететін маман;»; 10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) «Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2005 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 26 бұйрық) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің ілесіп жүру парағы/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсету парағы;»; көрсетілген Қағидаларға 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д.Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге өтініш
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 363 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына 1-қосымша Нысан ______________________ _______________________ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы/бөлімі Өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге өтініш Мен, ____________________________________________________________________ (Мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабына сәйкес өнім берушіге: өнім берушінің атауы _________________________ өнім берушінің ЖСН / БСН _____________________ БСК ________________________________________ ЖСК / IBAN (банк шотының нөмірі) _____________ банктің атауы _______________________________ Өнім беруші «Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген) сәйкес растайтын құжаттарды ұсынған кезде № _______________ тапсырыс саны _________ ______________ (саны) (өлшем бірлігі) _______________________________________ (тауардың, көрсетілетін қызметің атауы) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алу үшін; 1.___________________________ теңге (сома); 2. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағына сәйкес _____________________________ теңге (сома) (керегін белгілеу) кепілдік сомасы берілген соманы өтеуді сұраймын. Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде және кепілдік берілген соманы өтеу үшін ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Күні 20__жылғы «__»____ көрсетілетін қызметті алушының / заңды өкілінің ЭЦҚ-сы Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; БСК – банктік сәйкестендіру коды; ЖСК – жеке сәйкестендіру коды; IBAN – банк шотының нөмірі. Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Көрсетілетін қызметті алушыға тауарды курьердің жеткізуі туралы деректер 20__ жылғы «___» _______ № _________ тапсырыс Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер Көрсетілетін қызметті алушының ЖСН ________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _____________________________________________________________________ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталда сатып алынған тауар туралы мәліметтер Тауардың атауы ___________________________ Саны (дана) _____________________________ Тапсырыс сомасы ________ теңге Кепілдік берілген сома ______ теңге Қосымша ақы (сомасы) _____ теңге Трек тапсырыс нөмірі ______________________ Тауарды жеткізу туралы мәліметтер ____________________________ (жеткізу мәртебесі) Жеткізу күні 20__ жылғы «___» _______ Жеткізу мекенжайы __________________________________________ Құнын өтеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме туралы деректер (халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар) БСН / ЖСН______________________ Байланыс телефоны +7 ( ______________ Мемлекеттік ұйымның атауы ____________________________ Мемлекеттік ұйымға қызмет көрсететін банктің атауы ____________________ БСК _______________________________________ КБе _______________________________________ Тауарды жеткізуші туралы мәліметтер БСН / ЖСН______________________ Байланыс телефоны +7 ( ______________ Ұйымның атауы ____________________________ Өнім берушінің ЖСК / IBAN ________________ Өнім берушінің БСК ______________________ Өнім берушінің КБе ______________________ Өнім берушінің ТБК ____________________ Өнім берушінің ТТК ______________ Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; БСК – банктік сәйкестендіру коды; КБе – бенефициардың коды немесе алушының коды; ЖСК – жеке сәйкестендіру коды; IBAN – банк шотының нөмірі; КНП – төлем мақсатының коды.