О внесении изменения в решение Мангистауского районного маслихата от 20 марта 2020 года № 36/406 «О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 36/406 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау аудандық прокуратурасының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 2-1105-20-00412 наразылығының және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 05-14-1046 ақпараттық хатының негізінде, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 36/406 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4168 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін: 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары А.Аққұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.