О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 39 «Об утверждении форм налоговой отчетности и правил их составления» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 39 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 119-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 120-қосымшаға сәйкес бекітілген «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-100.13-ге дейінгі нысандар) тұрады.»; 13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13-1. Аталған нысан 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын нысанға 13-қосымшаны қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»; 21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) 100.00.062-жолында Салық кодексінің 223-бабы 4) тармақшасына сәйкес БШК және БШК ТМ-нің салық салынатын кірісінен КТС-ті қоспағанда, есептелген КТС жиынтық сомасы көрсетіледі. 100.00.059 + 100.00.061 I + 100.13.012 немесе 100.00.062 II + 100.00.064 + 100.13.012 жолдары ретінде айқындалады.»; мынадай мазмұндағы 14-1-тараумен толықтырылсын: «14-1-тарау. Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасында айқындалған салық салу объектілері бойынша кіріс – 100.13-нысанын толтыру бойынша түсіндірме 54-1. Бұл нысан Салық кодексінің 223-бабының 6) тармақшасына сәйкес 10 пайыздық ставка бойынша салық салынатын 2025 жылға арналған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздармен және ақша нарығымен операциялардан түскен кірістердің сомасы ретінде айқындалатын кірістерді көрсетуге арналған. 54-2. «Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасына сәйкес салық салу объектілері бойынша кіріс» деген бөлімде: 1) 100.13.001-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінің (мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден болатын шығындарға азайтылған) сомасы көрсетіледі; 2) 100.13.002-жолда Салық кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалған, бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша кірістер (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған) сомасы көрсетіледі; 3) 100.13.003-жолда бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақылар (бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасына азайтылған) сомасы көрсетіледі; 4) 100.13.004-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар сомасы көрсетіледі; 5) 100.13.005-жолда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бір жылға дейінгі мерзімге орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар сомасы көрсетіледі. 54-3. «Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасында айқындалған салық салу объектілерінен алынған кірістер бойынша салық міндеттемесін есептеу» деген бөлімде: 1) 100.13.006-жолда Салық кодексінің 313-бабына сәйкес КТС мөлшерлемесі пайызбен көрсетіледі; 2) 100.13.007-жолда мемлекеттік бағалы қағаздарды өткізуден түскен құнның ұлғаюынан (мемлекеттік бағалы қағаздарды өткізуден залалдарға азайтылған) есептелген КТС көрсетіледі; 3) 100.13.008-жолда Салық кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалған, бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша кірістерден (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған) есептелген КТС көрсетіледі; 4) 100.13.009-жолда бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақылар бойынша (бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасына азайтылған) есептелген КТС көрсетіледі; 5) 100.13.010-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар бойынша есептелген КТС көрсетіледі; 6) 100.13.011-жолда Ұлттық Банкінде бір жылға дейінгі мерзімге орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар бойынша есептелген КТС көрсетіледі; 7) 100.13.012-жолда есептелген КТС жалпы сомасы, 100.13.007 + 100.13.008 + 100.13.009 + 100.13.010 + 100.13.011-жолының жиынтық сомасы көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 753 бұйрығына қосымша