О внесении дополнений в совместный приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № 458 и Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 26 августа 2021 года № 343 «Об утверждении Правил приемки результатов обследования и работ по ликвидации последствий операций по недропользованию» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі зерттеу және жұмыс нәтижелерін қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 458 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі зерттеу және жұмыс нәтижелерін қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 458 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 31 тамызда № 24171 болып тіркелді) келесі толықтырулар енгізілсін: 10-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын: «4) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі.»; 11-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын: «5) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты ресми Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.