О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 20 октября 2021 года № 481 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры акимата Костанайской области» Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ:
келесі мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
25) тармақша алынып тасталсын;
38) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«38) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.