О внесении изменений в постановление акимата Таскалинского района от 20 декабря 2021 года №258 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Таскалинскому району на 2022 год» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасқала ауданы әкімдігінің «Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №258 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелді) сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №258 қаулысына «Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Турмагамбетов) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Тасқала ауданы әкімдігінің 20___ жылғы «____»____________ № ____ қаулысымен бекітілген Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота № Ұйымның атауы Жұмыс орындарының саны Квота саны, % Квота белгіленген жұмыс орындарының саны 1 Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Тасқала колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 68 2 1 2 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Амангелді «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 91 2 1 3 Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 119 2 2 4 «Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 22 2 1 Барлығы 5