О внесении дополнения в постановление акимата города Косшы Акмолинской области от 20 сентября 2022 года № 02-183 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории города Косшы» Қолданыста
Басқа 0
Ақмола облысы Қосшы қаласы
Әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 02-183 «Қосшы қаласының аумағында
барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа
материалдарын орналастыру орындарын
айқындау туралы» қаулысына толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 02-183 «Қосшы қаласы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29732 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2 - қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппаратының басшысы Н. Мұхаметқалиевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________________
_______________________
Басқа 1. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
1-қосымша
Қосшы қаласы әкімдігінің
№ ______ қаулысына
«___» __________ 2026 жыл
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
№
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1
Республика көшесі, 46-үй, Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы стенд
2
«Лесная поляна» шағынауданы, 20-үй, үйдің қарсысындағы стенд
3
Республика көшесі, 1/1, 4-корпус, №3 жалпы білім беретін мектептің жанындағы стенд
4
Абсағитов көшесі, 4-үй, №1 жалпы білім беретін мектептің жанындағы стенд
5
Жангелдин көшесі, 16-үй, «Дара» мектебінің жанындағы стенд
6
Қ.А. Ясауи көшесі, «SMALL» сауда орталығының қарсысындағы стенд
7
Желтоқсан көшесі, IT мектеп-лицейінің жанындағы стенд
8
«Лесная поляна» шағынауданы, 1-үй, «Экомаркет» минимаркеті аялдамасының жанындағы стенд
9
«Лесная поляна» шағынауданы, 2-үй, «Экомаркет» минимаркеті аялдамасының жанындағы стенд
10
«Лесная поляна» шағынауданы, 8-үй, аялдама жанындағы стенд
11
Тайтөбе ауылы, Кенесары хан көшесі, 15-үй, жалпы білім беретін мектептің жанындағы стенд
Басқа 2. Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі
1-қосымша
Қосшы қаласы әкімдігінің
№ ______ қаулысына
«___» __________ 2026 жыл
Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі
№
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
1
«Чистые пруды» ЖШС, Айтеке би көшесі, 33, демалыс аймағы
2
«Best Management Group» ЖШС, Есіл көшесі, 9/6, «Green Park» демалыс орталығының мейрамхана залы
3
Жеке кәсіпкер Какимжанова Л., Республика көшесі, 80, «ARUZHAN PLAZA» мейрамханасының үлкен банкет залы
4
Жеке кәсіпкер Умержанова Б.А., Жолмағамбет Қалиев көшесі, 22, «Айгерім» мейрамханасының залы
5
«Z-1» ЖШС, Республика көшесі, 1Б, «Восточный двор» мейрамханасының банкет залы
6
«Silk-Road corporation» ЖШС, Әліби Жангелдин көшесі, 16, «Бизнес академия» лицей-мектебінің акт залы
7
«Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» жанындағы мәдениет үйі, Республика көшесі, 11