О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 20 июля 2022 года № 3/342 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в дошкольных организациях города Алматы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28868 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 1. Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы « 3 » наурыздағы № 1/130 қаулысына қосымша Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «20» шілдедегі № 3/342 қаулысына қосымша Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi р/с Мектепке дейінгі ұйымның түрі Тәрбиеленушілер саны Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) Айына тамақтану үшін бір балаға төленетін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) 1 Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік) 37 930 57 608 25 000 2 Бөбекжай-балабақша (жеке меншік) 53 062 57 608 25 000 3 Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы арнайы топтар) 236 102 514 -