О внесении изменений в постановление акимата города Косшы от 20 апреля 2022 года №12-90 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Косшы» Қолданыста
Басқа 0
Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №12-90 «Қосшы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген «Ішкі сауда қағидаларының» 73-тармағына сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №12-90 «Қосшы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) аталған қаулының қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру сызбасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасарына Б. Жұмкейге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енсін.
Басқа 1. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Қосымша -1
Қосшы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «13» қараша
№ А-15/269 қаулысына
Қосшы қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «20» сәуірдегі
№ 12-90 қаулысына
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Орналасқан жері
Алып жатқан алаңы, га.
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл.
Қызмет саласы
Жақын маңдағы инфрақұрылым
1
Алтын Дала шағын ауданы №1
24
5
Азық-түлік және азық-түлік емес
Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
2
Алтын Дала шағын ауданы №2
24
5
Азық-түлік және азық-түлік емес
Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
3
Алтын Дала шағын ауданы №3
24
5
Азық-түлік және азық-түлік емес
Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
4
ТА «Табыс Құрылтай»
64
5
Азық-түлік және азық-түлік емес
Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
5
Баян сұлу көшесі мен Желтоқсан көшесінің қиылысы
64
5
Азық-түлік және азық-түлік емес
Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
6
Ұлы Дала көшесі
64
5
Бөлшек саудада тауарларды сату
Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
7
Қ. Рысқұлбеков көшесі мен Тұран көшесінің қиылысы
64
5
Бөлшек саудада тауарларды сату
Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
8
Шәмші Қалдаяқов көшесі мен Тұран көшесінің қиылысы
64
5
Бөлшек саудада тауарларды сату
Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
Басқа 2. Қосшы қаласындағы стационарлық емес сауда нысандарының орналастыру орындары
Қосымша - 2
Қосшы қаласындағы стационарлық емес сауда нысандарының орналастыру орындары
1. Қосшы қаласы, Алтын дала шағын ауданы - 0,0024 га
2. Қосшы қаласы, Алтын дала шағын ауданы - 0,0024 га
3. Қосшы қаласы, Алтын дала шағын ауданы - 0,0024 га
4. Қосшы қаласы, ЖК Табыс Құрылтай - 0,0064 га
5. Қосшы қаласы, Желтоқсан және Баян Сұлу көшелерінің қиылысы, - 0,0064 га
6. Қосшы қаласы, Ұлы дала көшесі- 0,0064 га
7. Қосшы қаласы, К. Рысқұлбеков және Тұран көшелерінің қиылысы, - 0,0064 га
8. Қосшы қаласы, Шәмші Қалдаяқов және Тұран көшелерінің қиылысы - 0,0064 га