О внесении изменения и дополнения в приказ Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан от 20 января 2023 года № 1 «Об утверждении Положения о Координационном совете при Уполномоченном по правам человека в Республике Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31749 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережеде: 14-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) Үйлестіру кеңесінің мүшелерін хабардар ете отырып, осы Ереженің 17-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдайды немесе Үйлестіру кеңесінің отырысына шығарады.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату негіздері: 1) осы Ереженің нормаларын бұзу; 2) өз өкілеттіктерін тоқтату туралы жазбаша өтініш; 3) қайтыс болу не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; 4) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұруға кету; 5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту; 6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі; 7) ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін осы тармақтың 1) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтату Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша осы Ереженің 6-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтату Үйлестіру кеңесінің мүшелерін хабардар ете отырып Уәкілдің шешімі бойынша жүзеге асырылады немесе Үйлестіру кеңесінің отырысына шығарылады. Егер хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Үйлестіру кеңесінің мүшесінен осы мәселені талқылау туралы ұсыныс келіп түссе, оны қарау осы Ереженің 6-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Д.Қ. Тәженоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі