О внесении изменений и дополнений в решение акима города Тараз от 20 декабря 2023 года № 16 «Об образовании избирательных участков» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сайлау учаскелерін құру туралы» Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 16 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5138-08 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған шешімнің 1-қосымшасындағы № 505, 510 сайлау учаскелері жаңа редакцияда мазмұндалсын: «№ 505 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Тараз қаласы, «Ұлы Дала» шағынауданы 22А, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 64 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Сайлау учаскесінің шекарасы: Тараз қаласы: «Ұлы Дала» шағынауданының 1-29 үйлері. № 510 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Тараз қаласы, «Ұлы Дала» шағынауданы 22А, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 64 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Сайлау учаскесінің шекарасы: Тараз қаласы: «Ұлы Дала» шағынауданының 30-35/3, 37-52, 54, 56-75, 78-80, 82-89 үйлері.»; аталған шешімнің 1-қосымшасы № 517 сайлау учаскесімен толықтырылсын: «№ 517 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Тараз қаласы, «Ұлы Дала» шағынауданы 78, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 66 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Сайлау учаскесінің шекарасы: Тараз қаласы: «Ұлы Дала» шағынауданының 90-114, 116, 118, 120, 122-128, 130-140, 142-146 үйлері, Естай көшесінің үйлері, Шернияз Жарылғасұлы көшесінің үйлері, Мұрат Мөңкеұлы көшесінің үйлері, Құман Тастанбеков көшесінің үйлері, Қыз Жібек көшесінің үйлері, Құдайберген Сұлтанбаев көшесінің үйлері, Әшірбек Сығай көшесінің үйлері, Батырхан Шүкенов көшесінің үйлері, Кейкі батыр көшесінің үйлері, Жәмила Шашкина көшесінің үйлері, Бикен Римова көшесінің үйлері, Жүсіпбек Елебеков көшесінің үйлері, Сұлтанахмет Қожықов көшесінің үйлері, Хадиша Бөкеева көшесінің үйлері, Бақтыгерей Құлманов көшесінің үйлері, Ахмет Бірімжанов көшесінің үйлері, Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінің үйлері, Жақып Ақбаев көшесінің үйлері, Жұмағали Тлеулин көшесінің үйлері, Әлімхан Ермеков көшесінің үйлері, Телжан Шонанұлы көшесінің үйлері.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы