О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 20 июля 2023 года № 187 «Об утверждении перечня государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования, первые руководители которых назначаются на должности и освобождаются от должностей Правительством Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 шiлдедегi № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 шiлдедегi № 187 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Басқа 0. Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы «____» _______ № ___ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 20 шілдедегі № 187 бұйрығымен бекітілген Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.