О внесении изменения в решение маслихата области Абай от 20 апреля 2023 года № 2/18-VIIІ «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников области Абай» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 47-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 11/84-VIII шешіміне қосымша Абай облыстық мәслихатының 2023жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIII шешімімен бекітілді Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Арнаулы су пайдаланудың түрі (өлшем бірлігі) Өзендер, көлдер бассейні Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр) Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 текше метр) Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр) Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы-лықтары (теңге/1000 текше метр) Су энергетика (теңге/1000 киловатт-сағат) Су көлігі (теңге/1000 тонна-километр) Ертіс өзенінің бассейні 181,45 521,31 146,89 146,89 54,73 20,16 Балқаш және Алакөл көлдерінің бассейні 167,05 460,83 132,49 126,73 48,97 14,40