О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 20 ноября 2023 года № 231 «Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Атырауской области» Қолданыста
Басқа 0
«Атырау облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 231 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Атырау облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 231 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Атырау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында келесі санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтану құнының 100 % мөлшерінде тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:
1) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) мүгедектігі бар балаларға;
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.