О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 декабря 2023 года № 443 «Об утверждении Правил микрокредитования в сельских населенных пунктах и малых городах» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 4 қарашадағы № 371 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 49-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) ауылдық елді мекендерді микрокредит беру мен лизингтің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – микрокредит/лизинг алуға электрондық өтінім беруге, сондай-ақ қатар ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жобаларға микрокредит беру және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына лизинг беру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметін автоматтандыруға арналған цифрлық платформа;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе процестерді механикаландыру, электрлендіру және автоматтандыру жолымен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құралдардың кең түрі;
Тармақша 4
4) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже, немерелер;
Тармақша 5
5) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
Тармақша 6
6) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға;
Тармақша 7
7) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын уақытты құрайтын кәсіпкер.
Тарау 2. 2-тарау. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг тәртібі
2-тарау. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг тәртібі
Тармақ 3
3. Ауылдық елді мекендердің (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалалардың мынадай жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:
Тармақша 1
1) жұмыссыздар;
Тармақша 2
2) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;
Тармақша 3
3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 4
4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
Тармақша 5
5) «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі);
Тармақша 6
6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер. Осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін алуға үміткерлер ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың қажеттіліктерін, олардың әлеуетін, бос жайылымдық алқаптардың, өткізу нарықтарының болуын және жобаларды табысты іске асыруға әсер ететін басқа да факторларды негізге ала отырып, әрбір ауылдық елді мекеннің және әрбір шағын қаланың жобаларына микрокредит берудің басым бағыттарын айқындайды. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға арналған жобаларға микрокредит беру үшін бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50 (елу) пайызынан аспайтын бөлігін жіберуге жол беріледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингіне бағдарламаға бөлінген қаражаттың 20 (жиырма) пайызынан аспайтын бөлігін жіберуге жол беріледі. Жергілікті атқарушы органдар бірлесіп қаржыландыру шарттарында осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін қаржыландыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан кем емес қосымша қаражатты жергілікті бюджеттен бөледі.
Тармақ 5
5. Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде берілетін микрокредиттер және ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын сатып алу үшін лизинг сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.
Тармақ 6
6. Сенім білдірілген өкілді (агентті) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредит беру және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын лизингке беру мақсатында бюджеттік кредит мынадай шарттарда беріледі:
Тармақша 1
1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызбен қайтарымдылық, қамтамасыздық, жеделділік және ақылылық қағидаттарымен 10 (он) жылға;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты: жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру, оның ішінде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды сатып алу; ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын сатып алу үшін лизинг;
Тармақша 3
3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 28 (жиырма сегіз) ай мерзімінен аспайды;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит аударылған сәттен бастап есептеледі. Осы ережелерді іске асыру мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет бекітілгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға кейіннен бекіту үшін бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын жолдайды.
Тармақ 8
8. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша бюджеттік кредит қаражатын береді. Бюджеттік кредит қаражаты сенім білдірілген өкілге (агентке) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың қолма қол алатын шотына аударылады.
Тармақ 9
9. Микрокредиттер үміткерлерге жеделділік, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыздық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттармен беріледі:
Тармақша 1
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 2
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін. Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерге қайта кредит беру кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен беріледі, бірақ микрокредиттің ең жоғары мерзімінің 1/2 (екіден бір) бөлігінен ерте берілмейді;
Тармақша 3
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды;
Тармақша 4
4) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
Тармақша 5
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
Тармақша 6
6) микрокредит беруге мақұлдау алғаннан кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу. Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәліметтер тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ақпараттық жүйеде көрсетіледі. Микрокредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері жергілікті атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын тапсырма шартында көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Лизинг үміткерлерге мынадай шарттармен беріледі:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы лизингінің мерзімі – 5 (бес) жылға дейін;
Тармақша 2
2) лизинг нысанасының ең жоғары құны (ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы) – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін;
Тармақша 3
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды;
Тармақша 4
4) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең – ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы лизингі мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды; Лизингке жаңа және бұрын қолданылмаған ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы жатады.
Тармақ 11
11. Сенім білдірілген өкіл (агент) үміткерлердің микрокредиті/лизингі бойынша шарт міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, үміткерлердің микрокредитімен/лизингімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері алдын ала жергілікті атқарушы органмен жазбаша келісіледі. Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшерін жерілікті атқарушы орган анықтайды және тапсырма шартында белгіленеді.
Тармақ 12
12. Сенім білдірілген өкіл (агент) бұрын берілген микрокредиттер/лизингтер бойынша үміткерлер қайтарған қаражат есебінен осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес шарттарда сенім білдірілген өкіл (агент) мен жергілікті атқарушы орган арасында жасалған тапсырма шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге үміткерлерге қайта микрокредит беруді және ауыл шаруашылығы коопертивтеріне лизинг беруді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары:
Тармақша 1
1) жобаның басым бағыттарға сәйкестігі;
Тармақша 2
2) тұрақты жұмыс орындарын құру;
Тармақша 3
3) жеке тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай (микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы; дара кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы;
Тармақша 4
4) жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу.
Тармақ 14
14. Микрокредиттер мынадай мақсаттарға берілмейді:
Тармақша 1
1) жеңіл автокөлік сатып алу;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алу;
Тармақша 3
3) кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді сатып алу және/немесе салу.
Тармақ 15
15. Микрокредит/лизинг алу үшін үміткерлер ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес микрокредит/лизинг алуға арналған құжаттар тізбесімен сенім білдірілген өкілге (агентке) жүгінеді. Микрокредит/лизинг алуға арналған электрондық өтінім тиісті жолдарды толтыру және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген электрондық құжаттарды жүктеу арқылы ақпараттық жүйенің жеке кабинеті арқылы беріледі. Жүктелген құжаттарда көрсетілген мәліметтер (деректер) ақпараттық жүйенің, «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен, «E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесінің «Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу» кіші жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталады. Микрокредит/лизинг алуға арналған электрондық өтінім ақпараттық жүйеде оған үміткердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы тіркеледі және ақпараттық жүйеде сенім білдірілген өкілге (агентке) қарау үшін қолжетімді болады.
Тармақ 16
16. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) микрокредит/лизинг алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін тексеру мерзімі құжаттарды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит/лизинг шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) құжаттарды одан әрі қараудан бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, үміткерге уәжді бас тартуды жібереді. Құжаттарды одан әрі қараудан уәжді бас тарту ақпараттық жүйе арқылы үміткердің жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 17
17. Құжаттар мен оларда қамтылған мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) үміткердің құжаттары тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беруді мақұлдау не бас тарту туралы шешім қабылдайды. Құжаттар мен оларда қамтылған мәліметтер лизинг шарттарына сәйкес келген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) үміткердің құжаттары тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде лизинг беруді мақұлдау не бас тарту туралы шешім қабылдайды. Микрокредит/лизинг беруді мақұлдау туралы не бас тарту туралы шешім ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі. Микрокредит беру мақұлданған жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) кепіл шарты уәкілетті органда тіркелгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде үміткердің ағымдағы шотына микрокредит сомасын аударады. Лизинг беру мақұлданған жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күні ішінде лизингі шартының талаптарымен ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын үміткерге (лизинг алушыға) беру үшін сатушыдан оны жеке меншікке сатып алады.
Тармақ 18
18. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, микрокредит қаражатының және лизинг нысанасының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есепті және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есепті және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалануы туралы есепті ұсынады. Жергілікті атқарушы орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есепті және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есепті және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалануы туралы есепті ұсынады.
Басқа 1.1. Микрокредит/лизинг алуға арналған құжаттар тізбесі
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларына 1-қосымша Микрокредит/лизинг алуға арналған құжаттар тізбесі Р/с№ Құжаттың атауы Құжат/мәліметтер түрі Ескертпе 1. Сауалнама - сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес микрокредит/лизинг алуға арналған өтінім түпнұсқа/электрондық құжат 2. Жеке басын куәландыратын құжат құжаттың көшірмесі/электрондық көшірмесі/мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық форматтағы мәліметтер 3. Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі түпнұсқа/электрондық құжат 4. Субъектінің мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау және статистика саласындағы уәкілетті орган) /мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына микрокредит беру/лизинг туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау /орындамау туралы барлық мәліметтерді, берілген микрокредит/лизинг туралы мәліметтерді, ақпаратты беруге және алуға келісімі түпнұсқа/электрондық құжат Микрокредит/ лизинг мақұлданғаннан кейін беріледі 5. Кепіл берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі түпнұсқа микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі 6. Шоттың болуы және кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы (кредиттер болған кезде) қызмет көрсететін банктен анықтамалар түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін ұсынылады) электрондық құжат түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде уәкілетті тұлға түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмеге жол беріледі)/кредиттік бюродан электрондық форматтағы мәліметтер 7. Бағалау туралы есеп түпнұсқа/электрондық құжат микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі 8. Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар мемлекеттік деректер базасынан көшірме/ электрондық мәліметтер микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстыр
Басқа 1.2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларына 2-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органына және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-МК нысаны Жиілігі: ай сайын Есепті кезең: 20 __ жылдың ________ айы Ақпарат беретін тұлғалар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент), облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы. Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: сенім білдірілген өкіл (агент) облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде; облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде. Р/с № Қарыз алушы­ның ата­уы Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны об­лыс әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша код аудан ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды ауыл­дық округ ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды ауыл ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 кесте жалғасы жо­ба­ның ба­ғы­ты қарыз алушы­ның са­на­ты өн­ді­рі­ле­тін өнім/көр­се­ті­ле­тін қыз­мет мик­ро­кре­дит бе­рі­л­ген күн мик­ро­кре­дит мер­зі­мі мик­ро­кре­дит со­ма­сы (тең­ге) 12 13 14 15 16 17 кесте жалғасы Сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі, % Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші (ЭҚ­ЖЖ) бой­ын­ша код­ты көр­се­те оты­рып, эко­но­ми­ка са­ла­сы Іс­ін жа­ңа ба­с­та­ған, жұ­мыс іс­теп тұр­ған кә­сіп­кер­лер Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­ти­віне қа­ты­су­шы мәр­те­бе­сі Қа­ты­су­шы бо­лып та­бы­ла­тын ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­ти­ві­нің биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны, бір­лік 18 19 20 21 22 23 «Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген. Атауы_____________________________________________________ Мекенжайы__________________________________________________ Телефоны_____________________________________________________ Электрондық почтасының мекенжайы____________________________ Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________________ (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) ______________________________________       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 1.2.1. «Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
«Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша «Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 4
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 2-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 3-бағанында қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 4, 6, 8 және 10-бағандарында жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 5, 7, 9 және 11-бағандарында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды, мекенжайдың (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) тіркеу коды көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 12-бағанында жобаның бағыты көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 13-бағанында қарыз алушының санаты көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 14-бағанында өндірілетін өнім/қызмет көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 15-бағанында микрокредит берілген күн көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 16-бағанында микрокредиттің мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 17-бағанында микрокредит сомасы (теңге) көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 18-бағанында сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 19-бағанында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кодты көрсете отырып, экономика саласы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 20-бағанында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 21-бағанында ауыл шаруашылығы кооперативіне қатысушының мәртебесі көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысанның 22-бағанында қатысушы болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысанның 23-бағанында құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
Басқа 1.3. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларына 3-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 2-МК нысаны Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: 20 ___ жылдың ________ айы Ақпарат жинайтын тұлғалар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент), облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: сенім білдірілген өкіл (агент) облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде; облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде Р/с № Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны Қарыз алушы­ның ата­уы биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі қыз­мет тү­рі Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші (ЭҚ­ЖЖ) бой­ын­ша код­ты об­лыс әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды аудан ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды ауыл­дық округ ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды ауыл ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 кестенің жалғасы мик­ро­кре­дит со­ма­сы, тең­ге мик­ро­кре­дит мер­зі­мі мик­ро­кре­дит­тің ны­са­на­лы ба­ғы­ты ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­ти­віне қа­ты­су­шы­ның мәр­те­бе­сі өн­ді­рі­ле­тін өнім/ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны, бір­лік ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­ти­ві мү­ше­ле­рі­нің са­ны, бір­лік 13 14 15 16 17 18 19 «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген. Мекенжайы___________________________________________________ Телефоны_____________________________________________________ Электрондық почтасының мекенжайы ____________________________ Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ______________________________________ (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) ______________________________________       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 1.3.1. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттері нысаналы пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 4
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 2, 4, 6 және 8-бағандарында жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 3, 5, 7 және 9-бағандарында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеушісі бойынша коды, мекенжайдың (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) тіркеу коды көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 10-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 11-бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 12-бағанында қызмет түрі көрсетіледі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кодты.
Тармақ 10
10. Нысанның 13-бағанында микрокредит сомасы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 14-бағанында микрокредиттің мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 15-бағанында микрокредиттің нысаналы бағыты көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 16-бағанында ауыл шаруашылығы кооперативіне қатысушының мәртебесі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 17-бағанында өндірілетін өнім/көрсетілетін қызмет көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 18-бағанында құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 19-бағанында ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің саны көрсетіледі.
Басқа 1.4. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларына 4-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалануы туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 2-МК нысаны Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: 20 ___ жылдың ________ айы Ақпарат жинайтын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы, сенім білдірілген өкіл (агент) Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: сенім білдірілген өкіл (агент) облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде; облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде Р/с № Қарыз алушы­ның ата­уы Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опер­тив­тің тір­ке­лу ор­ны об­лыс әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша код аудан ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды ауыл­дық округ ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды ауыл ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 кесте жалғасы ли­зинг со­ма­сы, тең­ге ли­зинг мер­зі­мі Ли­зинг ны­са­на­сы Құр­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны, бір­лік Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опер­ти­ві мү­ше­ле­рі­нің са­ны, бір­лік ата­уы мо­де­лі тех­ни­ка­лық пас­порт­тың ата­уы 12 13 14 15 16 17 18 «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген. Мекенжайы___________________________________________________ Телефоны_____________________________________________________ Электрондық почтасының мекенжайы ____________________________ Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ______________________________________ (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) ______________________________________       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 1.4.1. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттері нысаналы пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 4
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 2-бағанында қарыз алушының атауы.
Тармақ 6
6. Нысанның 3-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Тармақ 7
7. Нысанның 4, 6, 8 және 10-бағандарында ауыл шаруашылығы коопертивтің тіркелу орны (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 5, 7, 9 және 11-бағандарында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеушісі бойынша коды, мекенжайдың (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) тіркеу коды көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 12-бағанында лизинг сомасы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 13-бағанында лизинг мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 14, 15 және 16-бағанында лизинг нысанасы (атауы, моделі, техникалық паспорттың атауы) көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 17-бағанында құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 18-бағанында ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің саны көрсетіледі.