О внесении изменений и дополнения в решение Урджарского районного маслихата от 20 сентября 2023 года № 5-113/VIII «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Үржар аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»; 7-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі (негіздердің бірі бойынша): 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) және бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»; 8-тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталынсын. 13-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі: дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.»; 23-тармақ келесі редакцияда толықтырылсын: «Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.»; 24-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілгенде;»; 29-тармақта: «29» деген сан «27» деген санмен ауыстырылсын; 30-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы ________________А.Нұрлыбек 2026 жылғы «___»___________