О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 20 ноября 2023 года № 8С-10/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Шортандинского района» Қолданыста
Басқа 0
Шортанды аудандық мәслихатының
2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3
«Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8649-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
10-тармақтың 3) тармақшасының он жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
10-тармақтың 3) тармақшасының жиырма бесінші абзацы алып тасталсын;
11-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;»;
11-тармақтың 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
11-тармақтың 13) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«13) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет үш айдан кешіктірмей 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.