О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 20 ноября 2023 года № 8-9-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7631-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 2-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «7) күнкөріс минимумы – мөлшері жағынан ең төменгі тұтыну қоржыны құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай табыс;»; 4 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «4. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын, жылына 1 (бір) рет) көрсетіледі және өтініш жасалған айдан бастап жүзеге асырылады.»; 7-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын. 9, 10, 11 және 13-тармақтар келесі редакцияда жазылсын: «9. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын азаматтардың мынадай санаттарына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы тәртіппен көрсетіледі: 1) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға - жылына бір рет; 2) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) - біржолғы. 10. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі: азаматтарға (отбасыларға) табиғи зілзаланың салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың жылжымайтын мүлкіне келтірілген залал жағдайында – тұрғын үйдің (тұрғын құрылыстың) меншік иелерінің біріне, табиғи зілзала фактісін растайтын құжат негізінде, орын алған жағдайдан бастап алты айдан кешіктірмей, біржолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде; азаматтарға (отбасыларға) өрт салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың жылжымайтын мүлкіне келтірілген залал жағдайында – тұрғын үйдің (тұрғын құрылыстың) меншік иелерінің біріне, өрт фактісін растайтын құжат негізінде, орын алған жағдайдан бастап алты айдан кешіктірмей, біржолғы 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II А немесе IV клиникалық топтағы қатерлі ісіктері бар адамдарға жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі; амбулаториялық емдеуде болатын туберкулезбен ауыратын адамдарға ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымның анықтамасы негізінде, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген күнкөріс минимумы мөлшерінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын. 11. Ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, осы Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Семей ядролық сынақ полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүрудің нақты құнын өтеуге, жөнелту станциясынан госпитализация орнына дейін және кері қайтуға теміржол көлігімен (плацкарт вагоны), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа), жылына 1 (бір) рет, жол жүру құжаты, госпитализацияны растайтын құжат және аталған санаттарға жататынын растайтын құжат ұсынылған кезде; емдеуші дәрігердің рецепті бойынша арнайы емдік тағам тағайындалған, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне енгізілмеген мүгедектігі бар балаларға – ұсынылған шот-фактураға сәйкес ай сайын, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде; Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, осы Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, асыл металдардан және металлкерамика, металлакрилден жасалған протездерді қоспағанда, тіс протездеудің нақты құнын өтеуге, (1 жылда бір рет), 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, шот-фактура мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ аталған санаттарға жататынын растайтын құжатты ұсынған кезде. 13. Санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмек табысы ескерілмей мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, 1 бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда сондай-ақ жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, санаторийлік-курорттық емдеуді көздейтін жеке абилитация және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекеменің ұсынымына сәйкес және санаторийлік-курорттық картаның үзінді көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторийлік-курорттық емделуге санаторийлік-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, жылына 1 (бір) рет, әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың негізінде және санаторийлік-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ұсынған кезде көрсетіледі. мүгедектігі бар баланы жеті жасқа дейін, жеті жастан он сегіз жасқа дейін, бірінші, екінші, үшінші топта, мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторлы-курорттық ем ұсынатын ұйымдарға алып жүретін заңды өкілдердің біріне, бірақ бір ілесіп жүретін адамнан аспайтын, емдеу рәсімдерін қоспағанда, жылына 1 рет тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, бірақ құжатты ұсына отырып, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайды, санаторий-курорт ұйымы берген құжатты көрсету арқылы төлеуге мүмкіндік беріледі.». 12-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.