О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 20 октября 2023 года №205-2263 «Об установлении водоохранных зон, полос на водных объектах города Астаны и режима их хозяйственного использования» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына толықтыру енгізу туралы Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1359-01 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыда: 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын: « 5-1 Нұра-Есіл арнасы (арна учаскесі) 51°05'26.3"N 71°27'32.4"E 51°05'04.5"N 71°26'57.7"E 51°05'25.5"N 71°27'34.4"E 51°05'03.3"N 71°26'59.5"E 80 35 ».
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі Келісілді: «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнің Астана каласының Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы