О внесении изменений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 20 марта 2024 года № 13-2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 13-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы № 13-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7729-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген шешіммен айқындалған, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде: тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 3-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін есептейді.»; жоғарыда көрсетілген шешімнің 5-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.