О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 20 июня 2024 года № 148 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление ветеринарии Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 148 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Басқарманың орналасқан жері: 070018, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Борис Керімбаев көшесі, 19.». 14-тармақ мынадай мазмұндағы 37), 38), 39) тармақшалармен толықтырылсын: «37) орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдалануды қамтамасыз етеді; 38) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды; 39) қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін инвестициялар тартуға ықпал етеді.».
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ветеринария мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.