О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 июня 2024 года № 206 «Об утверждении Правил работы, сопровождения, предоставления доступа и обеспечения информационного взаимодействия между единой цифровой платформой занятости «Электронная биржа труда» и автоматизированной информационной системы «Рынок труда» Қолданыста
Басқа 0
«Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34550 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
««Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс–қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 136
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрінің
2024 жылғы 20 маусымдағы
№206
бұйрығымен бекітілген
«Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 79-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықты жұмыспен қамту саласындағы цифрлық жүйелердің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) ақпарат – ақпарат иеленушілер жасаған немесе алған және олардың иелігіндегі, кез келген нысанда тіркелген адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) бос орын – жұмыс берушінің бос жұмыс орны (лауазымы);
Тармақша 3
3) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) еңбек ресурстарын дамыту орталығы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесін дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Тармақша 5
5) есептік жазба (аккаунт) – бағдарламалық қамтамасыз етуде және (немесе) жұмыспен қамтудың цифрлық платформасы жүйесінде сақталатын, оған қол жеткізуді беру мақсатында пайдаланушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын деректер жиынтығы;
Тармақша 6
6) кәсіптік біліктілікті тану орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 7
7) кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидат – өзінің кәсіптік біліктілігін тану үшін ерікті түрде, өз бетінше немесе жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жүгінген жеке тұлға;
Тармақша 8
8) киберқауіпсіздік жедел орталығы – электрондық цифрлық ресурстарды, цифрлық жүйелерді, телекоммуникациялар желілерін және цифрландырудың басқа да объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 9
9) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орындауды жүзеге асыратын филиалы;
Тармақша 10
10) пайдаланушы – цифрландыру объектілерін нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін пайдаланатын цифрлық орта субъектісі;
Тармақша 11
11) тіркелген адамдар – жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар;
Тармақша 12
12) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тармақ 3
3. Халықты жұмыспен қамту саласындағы цифрлық жүйелер:
Тармақша 1
1) «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» АЦЖ);
Тармақша 2
2) «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы.
Тармақ 4
4. Халықты жұмыспен қамту саласындағы цифрлық жүйелерді дамыту жөніндегі сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі – әкімші) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының жұмыс істеу, сүйемелдеу және қол жеткізуді ұсыну тәртібі
2-тарау. «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының жұмыс істеу, сүйемелдеу және қол жеткізуді ұсыну тәртібі
Тармақ 5
5. Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін цифрлық объектісі.
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының ресми сайтының домендік атауын (мекенжайын) және интернеттің ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі домендік атаудағы орналасуын әкімші уәкілетті органмен келісім бойынша әкімшіден ұсыныс келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей айқындайды.
Тармақ 7
7. Бірыңғай цифрлық жұмыспен қамту платформасы мынадай порталдарды қамтиды:
Тармақша 1
1) enbek.kz домендік атауда орналасқан халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді электрондық және проактивті форматта ұсыну үшін қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға және іріктеуге жәрдемдесуге арналған портал (бұдан әрі – enbek.kz порталы);
Тармақша 2
2) skills.enbek.kz домендік атауда орналасқан халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру үшін онлайн режимде кәсіптік оқыту порталы (бұдан әрі – skills.enbek.kz порталы);
Тармақша 3
3) business.enbek.kz домендік атауда орналасқан бизнес-идеяны іске асыру үшін грант алуға өтініш беру үшін кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы (бұдан әрі – business.enbek.kz порталы);
Тармақша 4
4) hr.enbek.kz домендік атауда орналасқан еңбек шарттарын есепке алуды, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өзара іс-қимылын автоматтандыруға арналған портал (бұдан әрі – hr.enbek.kz порталы);
Тармақша 5
5) career.enbek.kz домендік атауда орналасқан ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылын және Қазақстан Республикасының кәсіптік стандарттары туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған кәсіптік біліктілік порталы (бұдан әрі – career.enbek.kz порталы);
Тармақша 6
6) migration.enbek.kz домендік атауда орналасқан көші-қон заңнамасы, көші-қон құжаттарын ресімдеу рәсімдері, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасу және тұру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, сондай-ақ пайдаланушыларға көші-қон саласындағы қызметтерді ұсыну мониторингіне арналған портал (бұдан әрі – migration.enbek.kz порталы).
Тармақ 8
8. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының ақпараттық өзара іс-қимылы порталдардағы ақпаратты, мәліметтерді, деректерді алу және беру арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
Тармақша 2
2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмыскерлері;
Тармақша 3
3) еңбек мобильділігі орталығының және мансаптық орталықтың жұмыскерлері;
Тармақша 4
4) жұмыс берушілер;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтар, қандастар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, қоныс аударушылар, босқындар;
Тармақша 6
6) жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында тұрған және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын адамдар (бұдан әрі – жұмыскерлер).
Тармақша 7
7) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган;
Тармақша 8
8) кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидат.
Тармақ 10
10. Еnbek.kz порталында пайдаланушыларға мынадай сервистер қолжетімді:
жұмыс берушілер:
Тармақша 1
1) кәсіпорын туралы және бос орындары туралы ақпаратты орналастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтармен, қандастармен, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен, қоныс аударушылармен, босқындармен жұмысқа орналасу бөлігінде өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) жұмыс берушінің қызметін тоқтатуға байланысты жұмыскерлердің алдағы босатылуы туралы мәліметтерді орналастырады;
Тармақша 4
4) субсидияланатын жұмыс орындарын, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру бөлігінде еңбек мобильділігі орталықтарымен және мансап орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
азаматтар, оның ішінде тіркелген адамдар:
Тармақша 1
1) түйіндемені орналастырады;
Тармақша 2
2) еңбек мобильділігі орталығымен және мансап орталығымен жұмысқа орналастыру бөлігінде өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) жұмысқа орналастыру бөлігінде жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 4
4) еңбек мобильділігі орталығымен жасалған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу жөніндегі шарттарға электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды;
еңбек мобильділігі орталығы:
еңбек мобильділігі орталығы мен мансап орталықтарының байланыстары туралы ақпаратты (пошталық мекенжайы, бөлімдердің немесе жауапты қызметкерлердің телефондары, ресми сайттар мен электрондық пошта мекенжайлары) орналастырады.
Тармақ 11
11. Skills.enbek.kz порталында пайдаланушыларға мынадай сервистер қолжетімді:
Тармақша 1
1) өтеусіз немесе ақылы негізде онлайн курстарға қол жеткізу, алған білімдерін бағалау үшін тестілеу, оқуды аяқтау туралы электрондық сертификат алу;
Тармақша 2
2) оқу курстарын орналастыруға қол жеткізу.
Тармақ 12
12. Business.enbek.kz порталында пайдаланушыларға келесі сервистер қолжетімді:
Тармақша 1
1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына жазылу және оқыту шарттарына сәйкестігін тексеру;
Тармақша 2
2) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алу өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;
Тармақша 3
3) грант алуға өтініш беру;
Тармақша 4
4) банктік шот туралы ақпарат беру;
Тармақша 5
5) еңбек мобильділігі орталығымен грант алу туралы шартқа қол қою;
Тармақша 6
6) грант қаражатын мақсатты пайдалану туралы есепті еңбек мобильділігі орталығына жіберу;
Тармақша 7
7) қаражатты ішінара немесе толық қайтаруға өтініш беру.
Тармақ 13
13. Hr.enbek.kz порталында пайдаланушыларға мынадай сервистер қолжетімді:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілердің электрондық еңбек шарттарын тіркеуі;
Тармақша 2
2) жұмыскердің жеке ісін оның келісімімен автоматты түрде қалыптастыру;
Тармақша 3
3) жұмыскермен электрондық еңбек шартына қол қою;
Тармақша 4
4) жұмыс берушінің еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруі (еңбек консультантының қызметі);
Тармақша 5
5) тіркелген еңбек шарттарын қарау үшін жұмыскерлерге қолжетімділік.
Тармақ 14
14. Career.enbek.kz порталында пайдаланушыларға мынадай сервистер қолжетімді:
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган мынадай ақпаратты орналастырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы, ұлттық біліктілік шеңбері, салалық біліктілік шеңбері;
Тармақша 2
2) кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер тізілімі;
Тармақша 3
3) кәсіптік стандарттар;
Тармақша 4
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімі;
Тармақша 5
5) кәсіптік біліктілікті танудың аккредиттелген орталықтарының тізбесі;
Тармақша 6
6) кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен үміткер кандидаттардың өту қорытындысы жөніндегі мәліметтер;
кәсіптік біліктілікті тануға үміткер кандидат өтінішті кәсіптік біліктілікті тану орталығына жібереді.
Тармақ 15
15. Migration.enbek.kz порталында пайдаланушыларға мынадай қызметтер қолжетімді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінен солтүстік өңірлерге көшіру мәселелері бойынша консультация алу үшін өтініш беру;
Тармақша 2
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтініш беру;
Тармақша 3
3) қандас мәртебесін алу үшін өтініш беру;
Тармақша 4
4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтініш беру;
Тармақша 5
5) «Ата жолы» картасын беру немесе ұзарту үшін өтініш беру;
Тармақша 6
6) пана іздеуші (босқын) мәртебесін алу үшін өтініш беру.
Тармақ 16
16. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын пайдаланушылар жұмыспен қамтудың цифрлық платформасында орналастырылатын ақпараттың толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы арқылы ақпарат орналастыратын немесе алатын пайдаланушылар қол жеткізу үшін тіркеу рәсімінен өтеді.
Жұмыспен қамтудың цифрлық платформасын пайдаланушыларды тіркеу passport.enbek.kz парақшасында жүргізіледі. Тіркелу кезінде пайдаланушы үшін жасалған есептік жазбаны (аккаунтты) ол жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының барлық порталдарында пайдаланады.
Пайдаланушының есептік жазбасында (аккаунтында) бірыңғай цифрлық жұмыспен қамту платформасының порталдарымен жұмыс істеу кезінде пайдаланушы пайдаланатын дербес бірегей идентификатор (логин) және құпия сөз болады. Логин ретінде пайдаланушы тіркелу кезінде электрондық пошта мекенжайын немесе ұялы телефон нөмірін көрсетеді.
Тармақ 18
18. Тіркеу кезінде пайдаланушы жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарын пайдалану және олардың жұмыс істеуі туралы пайдаланушы келісімінің шарттарымен келісімін білдіреді.
Тармақ 19
19. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының порталдарында орналастырылған ақпарат пайдаланушының профиліне (жеке бөліміне) және ізденушілердің дербес деректеріне enbek.kz порталындағы түйіндемеде қол жеткізу үшін парольді қоспағанда, жалпыға қолжетімді болып табылады.
Тармақ 20
20. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының әкімшісі:
Тармақша 1
1) технологиялық үзілістерді қоспағанда, мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істеудің бірыңғай цифрлық платформасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының жұмысындағы технологиялық үзілістер уәкілетті органмен келісіледі;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасында қамтылған ақпаратқа қол жеткізу, оны қорғау және қауіпсіз ұсыну;
Тармақша 3
3) ақпараттың сақталуы, қорғалуы, бұзылған немесе бүлінген жағдайда қалпына келтірілуі, резервтік көшіру және жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарында ақпараттың уақтылы өзектендірілуін бақылау;
Тармақша 4
4) жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарына түзетулер енгізу, бағдарламалық қамтылым ақауларын өзгерту және жою;
Тармақша 5
5) қосымша функционалдық талаптарды жаңғыртуды және іске асыруды жүргізбей және олардың тұтастығы сақталған жағдайда жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарындағы техникалық іркілістерді жою;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен және цифрландырудың басқа да объектілерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) порталдардың жай-күйіне аудит жүргізу.
Тармақ 21
21. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының порталдарын пайдалану бойынша мәселелер немесе проблемалар туындаған кезде, сондай-ақ есептік жазбаны (аккаунтты) жою бойынша пайдаланушы порталдарда орналастырылған кері байланыс нысаны арқылы әкімшінің техникалық қолдау қызметіне өтінім береді.
Өтінімде пайдаланушы мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
Тармақша 2
2) жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 3
3) байланыс деректері;
Тармақша 4
4) электрондық пошта мекенжайы;
Тармақша 5
5) өтініш тақырыбы;
Тармақша 6
6) мәселенің немесе проблеманың сипаттамасы;
Тармақша 7
7) тіркеме (файл).
Пайдаланушының өтінімін қарау 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Өтінімді қарау мерзімі бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақауларды пысықтау немесе жою кезінде 10 (он) жұмыс күніне дейін ұлғайтылады.
Тармақ 22
22. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының жұмысында техникалық іркілістің туындауы туралы ақпарат көздері:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес әкімшінің техникалық қолдау қызметіне жіберілген пайдаланушының өтінімі;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізетін әкімші мамандарының хабарламасы;
Тармақша 3
3) жұмыс қабілеттілігін және функционалдың қолжетімділігін айқындау үшін пайдаланылатын, техникалық ақауды анықтаған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарындағы ақауларды мониторингтеу және анықтау жөніндегі бағдарламалық-аппараттық құралдар;
Тармақша 4
4) техникалық іркілістің туындағанын немесе туындау мүмкіндігін куәландыратын жазбалар тіркелетін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының жүйелік журналдары;
Тармақша 5
5) киберқауіпсіздік жедел орталығы.
Тарау 3. 3-тарау. «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің жұмыс істеу, сүйемелдеу және оған қол жеткізу тәртібі
3-тарау. «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің жұмыс істеу, сүйемелдеу және оған қол жеткізу тәртібі
Тармақ 23
23. «Еңбек нарығы» АЦЖ пайдаланушылары:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмыскерлері;
Тармақша 3
3) еңбек мобильділігі орталығының және мансап орталығының жұмыскерлері.
Тармақ 24
24. «Еңбек нарығы» АЦЖ-да пайдаланушыларға қолжетімділік деңгейіне байланысты мынадай сервистер ұсынылады:
Тармақша 1
1) ізденушінің дербес ақпаратын жұмыспен қамтудың жеке картасына орналастыру (түйіндемені қалыптастыру);
Тармақша 2
2) өтініш білдірген адамдарды, оның ішінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды тіркеу;
Тармақша 3
3) тіркелген адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберу;
Тармақша 4
4) тіркелген тұлғалар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету;
Тармақша 5
5) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру, қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 6
6) уәкілетті органмен келісім бойынша қосымша сервистер.
Тармақ 25
25. Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансаптық орталықтар «Еңбек нарығы» АЦЖ-да орналастырылатын ақпараттың толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 26
26. «Еңбек нарығы» АЦЖ жүйесінде орналастырылған ақпаратқа түзетулер енгізу үшін «Еңбек нарығы» АЦЖ жүйесінің мансап орталығы қате деректерді көрсететін және түзетуге ұсыныстарды қамтитын электрондық өтініш формасын жасайды.
Еңбек мобильділігі орталығы өтінім келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді қарастырады, «Еңбек нарығы» АЦЖ жүйесінде жалған деректерді орналастырған жұмыскерге қолданылған шараларды және қателіктерді болдырмау үшін қабылданған шараларды көрсетеді және өтінішті уәкілетті органға жолдайды.
Уәкілетті орган өтінішті оның түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және «Еңбек нарығы» АЦЖ жүйесінде келісім туралы немесе негізделген бас тарту туралы шешімді енгізеді.
Әкімші келісілген шешім негізінде «Еңбек нарығы» АЦЖ жүйесінде орналастырылған ақпаратқа түзетулер енгізеді және өтініш берушіні хабардар етеді.
Тармақ 27
27. «Еңбек нарығы» АЦЖ-ға мемлекеттік органдардың және ұйымдардың цифрлық жүйелері арқылы цифрлық ресурстардан мәліметтер алу интеграция арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. «Еңбек нарығы» АЦЖ-да жұмыс істеу кезінде рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) пайдаланушының интернетке шығатын дербес компьютер арқылы «Еңбек нарығы» АЦЖ пайдалануы;
Тармақша 2
2) пайдаланушының «Еңбек нарығы» АЦЖ-ға кіру үшін өзінің дербес бірегей сәйкестендіргішін (логинін) және паролін басқа тұлғаларға беруі;
Тармақша 3
3) қызмет көрсету барысында алынған дербес ақпаратты ізденушілер мен жұмыс берушілерге, басқа тұлғаларға беру.
Тармақ 29
29. Пайдаланушылардың «Еңбек нарығы» АЦЖ жүйесіне қолжетімділігі «Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы
26 желтоқсандағы № 419 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37713 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4-тарау. «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
4-тарау. «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
Тармақ 30
30. Еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық платформа мен «Еңбек нарығы» АЦЖ жүйесі арасында ақпараттық өзара әрекеттестік интеграция арқылы қамтамасыз етіледі.
Бірыңғай цифрлық платформа мен «Еңбек нарығы» АЦЖ жүйесін интеграциялау Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде «Еңбек нарығы» АЦЖ-не enbek.kz порталында орналастырылған мынадай ақпаратты:
жұмыс беруші жеке кабинетінде:
Тармақша 1
1) бос орындары және жұмыс беруші туралы ақпарат (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыстар, деректемелер);
Тармақша 2
2) жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің жұмыстан босатылатыны туралы, босатылу оларға қатысты болуы ықтимал жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олар босатылатын мерзімдерді көрсете отырылған ақпарат;
Тармақша 3
3) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған өтінім, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №275 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32959 болып тіркелген) бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларына сәйкес қалыптастырылады, сондай-ақ субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушылардың жұмыс орындарына баруы туралы мәліметтерді қамтиды;
азаматтар жеке кабинетінде:
Тармақша 1
1) түйіндеме;
Тармақша 2
2) жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелуге арналған мәліметтер нысанын беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 32
32. Ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде «Еңбек нарығы» АЦЖ–дан enbek.kz порталына Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдардың түйіндемелерін беру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 33
33. Еңбек мобильділігі орталықтары тіркелген адамдарға лайықты жұмыс іздеуге немесе жұмыс берушілерге тіркелген бос орындарына жұмыскерлерді іріктеуге жәрдемдесу кезінде «Еңбек нарығы» АЦЖ-дан бос орындарына жауап беру туралы ақпарат жұмыс берушілердің жеке кабинеттеріне және азаматтардың enbek.kz порталындағы жеке кабинеттеріне (бар болса) беріледі.
Еnbek.kz порталындағы жұмыс берушінің жеке кабинетінен «Еңбек нарығы» АЦЖ-ға жұмыс беруші тіркелген адамды әңгімелесуге шақыру және оны тіркелген бос орынға жұмысқа орналастыру туралы ақпарат автоматты түрде беріледі.
Тармақ 34
34. Ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жұмыс беруші hr.enbek.kz порталындағы жеке кабинетте орналастырған субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілген қатысушылардың еңбек шарттары туралы ақпаратты «Еңбек нарығы» АЦЖ-ға беру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 35
35. Ақпараттық өзара іс қимыл шеңберінде business.enbek.kz порталынан «Еңбек нарығы» АЦЖ-да азаматтардың жеке кабинетінде орналастырған ақпарат беру қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-жобаны іске асыру үшін грант алуға өтініштер;
Тармақша 2
2) банктік шот туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) грант қаражатын мақсатты пайдалану туралы есептер;
Тармақша 4
4) грант қаражатын ішінара немесе толық қайтаруға өтініштер.