О признании утратившим силу решение Сарканского районного маслихата от 20 марта 2024 года № 21-90 «О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога по Сарканскому району» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы № 21-90 шешімінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы № 21-90 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №181-19 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.