О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 20 февраля 2024 года № 31/қе «Об утверждении Правил содержания в специально оборудованных помещениях лиц, подвергнутых административному задержанию» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 31/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 31/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34018 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әкімшілік ұстап алу – құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқаша мерзімге шектеу; 2) әкімшілік ұстап алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жай (бұдан әрі – арнайы үй-жай) – әкімшілік ұстап алынған адамдарды (бұдан әрі – ұсталған адамдар) тәулік бойы ұстауға арналған модульдік үлгіде жабдықталған бөлмелер мен үй-жайлар кешені.». 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Арнайы үй-жай бойынша кезекші өзінің қызметін атқару кезеңінде аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, аумақтық бөлімше және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі бойынша арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыға және кезекшіге (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) бағынады. Арнайы үй-жай бойынша кезекші тиісті жазбалар жасау арқылы мынадай есепке алу құжаттарын толтырады: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы үй-жайда ұсталатын адамдарды есепке алу журналы; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы үй-жай бойынша кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабы; осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабы; осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы үй-жайда ұстауға түскен ұсталған адамдардан бастапқы сұрақ-жауап алу мен медициналық көмек көрсетуді тіркеу журналы; осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттай айғақтарды сақтауға арналған бөлмедегі құжаттарды және заттай айғақтарды есепке алу журналы.». 18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ұсталған адамдарды ұстауға арналған кемінде төрт бөлме;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.