О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 20 сентября 2024 года № 57/08 «Об определении остродефицитных медицинских специальностей в сельских населенных пунктах Карагандинской области» Қолданыста
Басқа 0
«Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде
аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы»
Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 57/08 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 57/08 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6655-09) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» және «Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы», «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қарағанды облысының ауылдық елді мекендері үшін аса тапшы медициналық мамандықтардың тізбесі
Қарағанды облысы әкімдігінің
2026 жылғы 3 ақпандағы
№ 07/31 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2024 жылғы «20» қыркүйектегі
№ 57/08 қаулысымен
бекітілді
Қарағанды облысының ауылдық елді мекендері үшін аса тапшы медициналық мамандықтардың тізбесі
№
Мамандықтардың атауы
1.
Педиатрия
2.
Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)
3.
Жалпы дәрігерлік практика
4.
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
5.
Терапевт