О внесении изменений и дополнений в решение акима Карасайского района от 20 марта 2025 года № 1 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в Карасайском районе» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарасай ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» Қарасай ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы №1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қарасай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қарасай ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» Қарасай ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы №1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6228-05 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы мынадай сайлау учаскесімен толықтырылсын: № 1064 сайлау учаскесі (жабық). Сайлау учаскесінің орталығы: Қошмамбет ауылы, 636 есептік квартал, 1051 құрылыс «Алматы облысы полиция департаментінің Алатау қаласы полициця бөлімінің әкімшілік тәртіппен қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орны» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Тармақ 2
2. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.