О внесении дополнений в постановление акимата города Костаная от 20 октября 2025 года № 1659 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата города Костаная» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 1659 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 1659 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде: 14 тармақ мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) тармақшалармен толықтырылсын: «9-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу; 9-2) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдау; 9-3) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту; 9-4) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету; 9-5) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету.».
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.