О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 20 июня 2025 года № 195 «Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания в области транспорта» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу кезінде негіздеуші құжаттармен расталған орындаушының тікелей және жанама (әкімшілік) шығыстары (орындаушының штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде 3 (үш) баға ұсынысы) ескеріледі. Су жолдарын кеме қатынасы жағдайында қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу және шлюздерді ұстау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 199 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32247 болып тіркелген).».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.