О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 20 июня 2025 г. № 195 «Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания в области транспорта» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларында: 5-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) қосалқы мердігерлік жұмыстар (қызметтер).».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі