О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 20 августа 2025 года № 227 «Об утверждении перечня систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию по Костанайской области» Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 227 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 227 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі, мынадай мазмұндағы реттік нөмірлер 17-1, 34-1, 34-2, 34-3, 71-1, 82-1, 82-2-жолдарымен толықтырылсын:
«
17-1
«Аманқарағай» су құбыры
»;
«
34-1
«Фрунзенское-Красноармейское» су құбыры
34-2
«Свердлов-Подгорное» су құбыры
34-3
«Перелески» су құбыры
»;
«
71-1
«Александров» су құбыры
»;
«
82-1
«Кенарал» су құбыры
82-2
«Первомайское» су құбыры
».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.