О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 февраля 2026 года № 120 «Об утверждении Инструкции по работе с обращениями (сообщениями) в системе «Омниканальность процесса приема сообщений граждан», поступающих посредством мобильного приложения «102», сервисе «Закон и Порядок» и системе «Тревожная кнопка SОS» в органах внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында «102» мобильді қосымшасы, «Заң мен тәртіп» сервисі және «SOS дабыл батырмасы» жүйесі арқылы келіп түсетін «Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің көп арналығы» жүйесіне түсетін өтініштермен (хабарламалармен) жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы №120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында «102» мобильді қосымшасы, «Заң мен тәртіп» сервисі және «SOS дабыл батырмасы» жүйесі арқылы келіп түсетін «Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің көп арналылығы» жүйесіндегі өтініштермен (хабарламалармен) жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы №120 бұйрығына мынандай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін»;
3- тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына, Цифрландыру және жасанды интеллект департаментіне (Ж.С.Баймағанбетов) жүктелсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында «102» мобильді қосымшасы, «Заң мен тәртіп» сервисі және «SOS дабыл батырмасы» жүйесі арқылы келіп түсетін «Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің көп арналығы» жүйесіндегі түсетін өтініштермен (хабарламалармен) жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақта
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті және ІІМ-нің аумақтық бөліністері – жұмыс орындарымен техникалық қамтамасыз ету, мобильді қосымшамен жұмыс істеуге қолжетімділік беруді ұйымдастыру, мобильді қосымшаның жұмыс, қабілеті және жетілдіру үшін»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ІІМ Орталық аппаратының бөліністерінің басшылары, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың, қалалық, аудандық және көліктегі ПД бастықтары «102» мобильді қосымшасы және «Заң мен тәртіп» сервисі арқылы келіп түскен азаматтардың хабарламалары мен өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, қарау және уақтылы ұсыну үшін дербес жауап береді»;
28-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Цифрландыру және жасанды интеллект бөліністерінің қызметкерлері»;
29-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«29. «102» мобильді қосымшасының және «Заң мен тәртіп» сервисінің жұмыс істеуінің қажетті техникалық жағдайларын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Цифрландыру және жасанды интеллект департаментіне және оның аумақтық бөліністері жауап береді»;
Тармақ 2
2. Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Цифрландыру және жасанды интеллект департаментіне (Ж.С.Баймағанбетов) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.