О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра культуры и информации Республики Казахстан от 20 апреля 2026 года № 196-НҚ «Об утверждении правил деятельности организаций по охране и использованию объектов историко-культурного наследия» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 196-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 196-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.