О внесении изменения и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 20 апреля 2026 года № 208/НҚ «Об утверждении перечня цифровых услуг, оказываемых оператором «цифрового правительства» государственным органам, субъектам квазигосударственного сектора» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесінде: 2-тармақта: 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) «Smart Data Ukimet» цифрлық талдау жүйесі;»; мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: 9) «Әлеуметтік әмиян».».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.