Об изъятии из денежного обращения монет номиналом 20 тенге, выпущенных в честь 50-летия Организации Объединенных Наций Қолданыста
Басқа 0
Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығы құрметіне шығарылған номиналы 20 теңгелік монетаны ақша айналысынан алу туралы
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыста жүрген ақша белгілерін реттеу мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 1 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығы құрметіне шығарылған номиналы 20 теңгелік монеталар (бұдан әрі - "БҰҰ 50 жыл" монеталары) ақша айналысынан алынсын.
Тармақ 2
2. "БҰҰ 50 жыл" монеталарын ақша айналысынан алудың мынадай тәртібі белгіленсін:
Тармақша 1
1) 2005 жылғы 1 наурыздан бастап "БҰҰ 50 жыл" монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктер) ғана қабылдайды және айырбастайды;
Тармақша 2
2) екінші деңгейдегі банктер осы қаулының 1-тармағында белгіленген күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде заңды және жеке тұлғалардан "БҰҰ 50 жыл" монеталарын қабылдайды және айналыстағы банкноттарға және монеталарға айырбастайды. Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан "БҰҰ 50 жыл" монеталарын қабылдауға құқығы жоқ;
Тармақша 3
3) Ұлттық Банк филиалдары осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды және жеке тұлғалардан "БҰҰ 50 жыл" монеталарын қабылдайды және олардың түпнұсқалылығы расталғаннан кейін айналыстағы банкноттарға және монеталарға айырбастайды.
Тармақ 3
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.