О юбилейной медали в ознаменование 20-летия Независимости Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуына және егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 20 жылдығының құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 83 Жарлығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі – мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.
Тармақ 3
3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгізеді.
Тармақ 4
4. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша мерекелік медальді, сонымен қатар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;
Тармақша 2
2) Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы осыған уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.
Наградталған адамға медальмен қоса белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.
Тармақ 5
5. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.
Тармақ 6
6. Мерекелік медаль сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.
Тармақ 7
7. Мерекелік медальдің табыс етілгендігі туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жазылады.
Табыс етілмеген медальдер мен олардың куәліктері қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.
Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептелікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 83 Жарлығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (бұдан әрі – мерекелік медаль) диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Мерекелік медальдің бет жағының үстіңгі бөлігінде мерейтой эмблемасының бейнесі – нөлі желбіреген жалаудың аясында рәмізделген сәулелі күн түрінде орындалған бедерлі 20 саны орналасқан. Төменгі жағында Ақорда ғимаратының бедерлі бейнесі орналасқан.
Мерекелік медальдің сыртқы бетінің ортаңғы бөлігінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» бедерлі жазуы орналасқан.
Мерекелік медаль сары түсті металдан (жезден) дайындалады.
Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы қатқыл лентамен қапталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм болатын тағанға жалғанады. Лента 16 мм қызыл және көк түсті екі жолақтан құралған. Ортасында тігінен тұрған бедерлі лавр бұтағы түріндегі жезден жасалған ені 8 мм жапсырма орналасқан.
Мерекелік медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.