Об утверждении Правил организации контроля и эксплуатации транспортных средств Вооруженных Сил Республики Казахстан на расстоянии свыше 200 километров Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағы 19-77) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 12 қаңтардағы
№ 10 бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) көлік құралдарын бақылау және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылау парағы – 200 километрден астам арақашықтыққа рейс (бұдан әрі – рейс) орындайтын көлік құралдары туралы мәліметтерді құрайтын құжат;
Тармақша 2
2) біржолғы рұқсаттама – бір рейске шығу құқығын беретін, әскери полиция органы беретін құжат;
Тармақша 3
3) қозғалыс бағыты – бастапқы, соңғы және аралық пункттерді, сондай-ақ аялдамалар, тұрақтар және түнгі демалу орындарын көрсетумен көлік құралының жүру бағыты;
Тармақша 4
4) рұқсат беру құжаты – уәкілетті лауазымды адамның қолы қойылған, біржолғы рұқсаттама беруге негіздеме болатын жеделхат, өкім, хат немесе басқа да құжат;
Тармақша 5
5) трекер – Қазақстан Республикасының аумағы шегінде рейске шығатын көлік құралына оның ағымдағы орналасқан жерін, қозғалыс бағыты мен жылдамдығын автоматты түрде анықтау үшін орнатылатын аспап.
Тармақ 3
3. Рейске шығатын көлік құралдары мынадай санаттарға бөлінеді:
бірінші санат – әскери бөлімдер мен мекемелердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету (әртүрлі мүлік түрлерін жеткізу, техниканы тасымалдау және әскерлердің жауынгерлік даярлығымен байланысты емес басқа да міндеттерді орындау);
екінші санат – қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және зымыран отынын тасымалдау;
үшінші санат – лауазымды адамдардың қызметтік іссапарларға шығуы үшін бөлінетін жеңіл автомобильдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығатын көлік құралдарының қозғалысы;
төртінші санат – әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру бойынша оқу-жаттығулар, іс-шаралар өткізу және жауынгерлік даярлық жөніндегі басқа да міндеттер шеңберіндегі көлік құралдарының қозғалысы;
бесінші санат – шұғыл жүкті жеткізу, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және оның орынбасарларының нұсқауларын орындау;
алтыншы санат – шетел делегацияларына және Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамына қызмет көрсету үшін бөлінетін көлік құралдары.
Тарау 2. 2-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалануға рұқсат алу тәртібі
2-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалануға рұқсат алу тәртібі
Тармақ 4
4. Көлік құралдарын 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану мыналардың шешімімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ҚР ҚК Бас штабы бастығы бірінші орынбасарының – екінші және үшінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;
Тармақша 2
2) ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) департаменттері мен басқармаларының, Бас штабының, бас басқармалардың, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының – бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші, төртінші және бесінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;
Тармақша 3
3) әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының – өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аймағы шегінде (бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелер орналасқан жерде) бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші және төртінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;
Тармақша 4
4) ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының – алтыншы санаттағы автомобильдердің қозғалысына қатысты бөлігінде.
Тармақ 5
5. Рейске шығу үшін құжаттарды ресімдеу:
Тармақша 1
1) әскери бөлімдер командирлері, ҚР ҚК мекемелерінің бастықтары рейске шығу қажеттілігі туындаған кезде өздері бағынысты ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚК Бас штабы департаменттері мен басқармаларының, ҚР ҚК бас басқармалары бастықтарының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшелер бастықтары) мекенжайына негіздемемен Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды;
Тармақша 2
2) қаралғаннан кейін, құрылымдық бөлімшенің бастығы рұқсат беру құжатын әскери бөлімге (мекемеге) – өтінім берушіге жолдайды;
Тармақша 3
3) екінші және үшінші санаттағы көлік құралдарының шығуы жоспарланған жағдайда құрылымдық бөлімшенің бастығы рейске шығуға рұқсат беру туралы ҚР ҚК Бас штабы бастығы бірінші орынбасарының алдында қолдау көрсетеді;
Тармақша 4
4) рейске шығу мерзімдері, көлік құралдарының түрлері мен тасымалданатын жүктер жоспарланған шығу күніне дейін 5 жұмыс күні ішінде әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшемен келіседі.
Тарау 3. 3-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден астам
арақашықтықтағы рейстерде пайдалану тәртібі
3-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден астам
арақашықтықтағы рейстерде пайдалану тәртібі
Тармақ 6
6. Көлік құралдарын рейске шығару және олардың қозғалысы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) рұқсат беру құжатын алғаннан кейін, әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы, көлік құралына бақылау техникалық қарап тексеру жүргізеді, қарап тексерудің нәтижелерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тексеру актісімен рәсімдейді, одан кейін рұқсат беру құжатының және көлік құралын тексеру актісінің көшірмелерін қоса берумен, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің негізінде гарнизонның әскери полиция органында (бұдан әрі – ӘПО) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рейске шығуға біржолғы рұқсаттама алады;
Тармақша 2
2) әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) өтінімін, рұқсат беру құжаттарын және көлік құралын тексеру актісін қарағаннан кейін ӘПО-ның уәкілетті адамы ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасында біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алады және рейске шығуға біржолғы рұқсаттаманы жазып береді;
Тармақша 3
3) 6-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-қимылдар жоспарланған шығу күніне дейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) екінші және бесінші санаттағы көлік құралдарының рейске кетуі кезінде ӘПО-да пайдаланылмаған трекерлер болған жағдайда көлік құралының қозғалысын қосымша бақылауды жүзеге асыру үшін автомобильдің рейске шығуы қарсаңында ӘПО-ның уәкілетті адамы көлік құралына трекерді орнатады, орнату нәтижелері Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша трекерді орнату (алу) актісімен рәсімделеді. Машинаға трекерді орнату (алу) актісіне әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы, жүргізуші, сондай-ақ ӘПО-ның өкілі қол қояды;
Тармақша 5
5) әскери бөлім (мекеме) ӘПО-дан 50 километрден астам қашықтықта орналасқан жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы көлік құралына бақылау техникалық қарап тексеруді жүргізеді, қарап тексерудің нәтижелерін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тексеру актісімен ресімдейді, біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алу үшін ӘПО-ға рұқсат беру құжаттарының және көлік құралын тексеру актісінің көшірмелерін қоса берумен, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды, ӘПО-дан біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алғаннан кейін Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рейске шығуға біржолғы рұқсаттаманы жазып береді;
Тармақша 6
6) қозғалыс бағытын өзгертуге, жүргізушілерді және машина жетекшілерін ауыстыруға, сондай-ақ рейске шығу мерзімдерін ұзартуға рұқсатты рейске шығуға рұқсат еткен лауазымды адам береді. Қабылданған шешіммен құжат көлік құралы тұрған жер бойынша ӘПО-ға жолданады, одан кейін ӘПО-ның лауазымды адамдары біржолғы рұқсаттамаға тиісті өзгерістерді енгізеді;
Тармақ 7
7. Көлік құралдарын мынадай пайдалануға жол беріледі:
Тармақша 1
1) бірінші және екінші санаттағыларды:
сенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 7.00-ден 18.00-ге дейін, 15 сәуір мен 15 қазан кезеңінде сағат 6.00-ден 21.00-ге дейін;
сенбі күндері 7.00-ден 15.00-ге дейін;
демалыс және мереке күндері – пайдалануға жол берілмейді;
Тармақша 2
2) үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы санаттағыларға жол жүру уақытын рейске шығу туралы шешім қабылдаған құрылымдық бөлімшенің бастығы белгілейді. Рейске шығуға шешім қабылдаған құрылымдық бөлімшенің бастығы рұқсат етілген жол жүру уақытын белгілемеген жағдайда көлік құралы Қағидалардың 7-тармағы 1) тармақшасына сәйкес пайдаланылады.
Тармақ 8
8. Жүргізушінің көлік құралын күнделікті жүргізу ұзақтығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) белгіленген уақыттан аспауы тиіс.
Тармақ 9
9. Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, зымыран отынын және қауіпті жүктерді тасымалдау «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес гарнизон шегінен тыс рейстерге шығатын жүргізушілермен, машина жетекшілерімен және лектер бастықтарымен командир (бастық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі ережелерін (бұдан әрі – ЖЖЕ), көлік құралдарын пайдалану тәртібін және қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқау беруді жүргізеді.
Тармақ 11
11. Көлік құралдарының қозғалысы, рейске шығуға берілген біржолғы рұқсаттамада көрсетілген бағыт бойынша жүру бағытындағы барлық ӘПО-да міндетті тіркеумен жүзеге асырылады. Көлік құралын тіркеу кезінде ӘПО-ның уәкілетті адамы біржолғы рұқсаттамада гарнизонға келген, сондай-ақ гарнизоннан кеткен күні және уақыты туралы белгілерді қояды. Белгілер ӘПО уәкілетті адамының қолтаңбасымен және ӘПО-ның мөрімен расталады.
Жол жүру бағытында ӘПО болмаған жағдайда көлік құралын тіркеуді көлік құралы келген әскери бөлімнің (мекеменің) кезекшісі жүзеге асырады, белгі оның қолтаңбасымен және әскери бөлімнің (мекеменің) мөрімен расталады. Келу және кету уақыты туралы мәліметті кезекші гарнизонның ӘПО-ға хабарлайды.
Тармақ 12
12. Транзиттік көлік құралдарын қою және жүргізушілердің түнгі демалысы гарнизон бастықтарының бұйрықтарымен айқындалған әскери бөлімдерде (мекемелерде) жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайларда жоспарланған қонатын жерге келу мүмкін болмаған кезде әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) келісуімен қонатын қозғалыс бағытындағы елді мекендерде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Гарнизон бастықтары жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде өз бұйрығымен транзиттік көлік құралдарын қоятын және жүргізушілердің түнгі демалысын жүзеге асыратын әскери бөлімдерді және мекемелерді айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Көлік құралдарының 200 километрден астам
арақашықтыққа пайдаланылуын бақылау
4-тарау. Көлік құралдарының 200 километрден астам
арақашықтыққа пайдаланылуын бақылау
Тармақ 14
14. Көлік құралдарының қозғалысын бақылауды әскери бөлім командиріне (мекеме бастығына) және жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісіне баяндаумен әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жүзеге асырады. Көлік құралын рейске шығарар алдында әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жоғары тұрған штабтың және ҚР ҚК Бас штабы Орталық командалық пунктінің (Ұлттық қорғанысты басқару орталығының) (бұдан әрі – ОКП (ҰҚБО)) жедел кезекшісіне Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парағын жолдайды.
Тармақ 15
15. Жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісі бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) үшін ақпарат жинақтауды жүзеге асырады және Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін автомобиль техникасының лектерін 200 километрден астам пайдалану жоспарын әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің және ОКП (ҰҚБО) жедел кезекшінің мекенжайына Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.
Тармақ 16
16. Көлік құралын рейске жіберу, қонатын жерге тоқтау және қозғалыс барысындағы оқиғалар туралы әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісі арқылы әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің және ОКП (ҰҚБО) жедел кезекшілеріне дереу баяндайды.
Тарау 5. 5-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден астам
арақашықтықтағы рейстерге пайдалануды жоспарлау
5-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден астам
арақашықтықтағы рейстерге пайдалануды жоспарлау
Тармақ 17
17. Көлік құралдарын 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану құрылымдық бөлімшелердің бастықтарымен бекітілген тиісті жылға арналған Жоспарға сәйкес Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы нақтыланумен жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Рейсті жоспарлау кезінде рейске шығудың мақсатқа сәйкестігі, тасымалдаудың негізділігі және көлік құралының түрі ескеріледі.
Тармақ 19
19. Бағыттас жүкті тасымалдау, көлік құралы тиесілі әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) келісуімен жүзеге асырылады.
Басқа 1. Өтінім
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік құралдарын
бақылауды ұйымдастыру және
оларды 200 километрден
астам арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_____________________________
құжат жөнелтілетін адамның лауазымы
Әскери бөлімнің
(мекеменің)
бұрыштама мөртаңбасы
Өтінім
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 20__ жылғы «__»______________ №________ бұйрығына сәйкес
________________________________ мынадай автомобиль техникасын
(әскери бөлім немесе мекеме атауы)
200 километрден астам арақашықтыққа пайдалануға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Р/с №
Көлік құралының маркасы
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
Тіркеме маркасы
Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ
Машина жетекшісінің (лек бастығының) әскери атағы, ТАӘ
жүру бағыты;
аялдайтын және қонатын орындар;
рейске шығу мақсаты;
рейске шығудың жоспарланған кезеңі.
Жүру уақытын ұзарту қажет болған жағдайда өтінім мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылады:
«Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 7-тармағы 2) тармақшасына» сәйкес,
______________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________ байланысты,
(себебі көрсетіледі)
Сізден рейске шығу кезеңінде сағат ____.___-ден сағат____.___-ге дейін көлік құралын пайдалануға
(пайдалану уақыты көрсетіледі)
рұқсат етуіңізді сұраймын.
____________________________________
____________________________________
(өтінім беруге уәкілетті адамның лауазымы,
әскери атағы, аты, әкесінің аты, тегі)
Басқа 2. _________________әскери бөлімі (мекеме)
көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру
АКТІСІ
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Бекітемін
______________________________________________
______________________________________________
Мөр орны 20__ жылғы «___» _______________________
_________________әскери бөлімі (мекеме)
көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру
АКТІСІ
Көлік құралының маркасы _________________ әскери нөмірі _________________
Жүргізуші____________________________________________________________________
(әскери атағы, ТАӘ)
Жүргізуші куәлігі: сериясы _____№__________________, санаты ______________________
Тармақ 1
1. Жалпы тіркеу деректері:
Тармақша 1
1) қорап нөмірі ____________________________________________________________
Тармақша 2
2) шанақ нөмірі___________________________________________________________
Тармақша 3
3) қозғалтқыш нөмірі________________________________________________________
Тармақша 4
4) спидометр көрсеткіші (пломбаның бар болуы және сәйкес келуі) ________________
Тармақша 5
5) көлік құралын тіркеу туралы куәлік нөмірі___________________________________
Тармақ 2
2. Көлік құралының техникалық жай-күйі______________________________________
Тармақша 1
1) қораптың және қосалқы жабдықтың жай-күйі ________________________________
Тармақша 2
2) қозғалтқыштың жай- күйі_________________________________________________
Тармақша 3
3) тежегіш жүйесінің жай-күйі _______________________________________________
Тармақша 4
4) рульдік басқарудың жай-күйі ______________________________________________
Тармақша 5
5) электр жабдықтарының және жарық сигналдарының жай-күйі__________________
Тармақша 6
6) шиналардың жай-күйі____________________________________________________
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгі және тану белгілерінің бар болуы және сәйкес келуі__________________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Жүргізушіге хабар беру сигналының бар болуы және ақаусыздығы (жеке құрамды тасымалдауға арналған көлік құралдарында) ________________________________________
Тармақ 5
5. Медициналық қобдишасының бар болуы және жабдықталуы___________________
Тармақ 6
6. Өрт сөндіргіштің бар болуы және күйі_______________________________________
Тармақ 7
7. Қауіпсіздік белбеулерінің бар болуы және жай-күйі ___________________________
Тармақ 8
8. Орындықтардың бар болуы және жай-күйі (жеке құрамды тасымалдауға арналған көлік құралдарында) ______________________________________________________________
Тармақ 9
9. Жүргізуші және тарту құрал-саймандарының бар болуы _______________________
Әскери бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары (материалдық-техникалық
қамтамасыз ету бөлімшелерінің бастықтары)______________________________/________/
(әскери атағы, ТАӘ) қолы
Автомобиль қызметінің бастығы_______________________________________/_________/
(әскери атағы, ТАӘ) қолы
Бөлімше технигі_____________________________________________________/_________/
(әскери атағы, ТАӘ) қолы
Бақылау-техникалық пунктінің бастығы_________________________________/_________/
(әскери атағы, ТАӘ) қолы
Жүргізуші__________________________________________________________/_________/
(әскери атағы, ТАӘ) қолы
20___жылғы «___»__________
Басқа 3. Өтінім
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
_____________________ гарнизоны
Әскери полиция басқармасының (жасағының,
бөлімінің, бөлімшесінің) бастығына
Әскери бөлімнің
(мекеменің)
бұрыштама мөртаңбасы
Өтінім
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және
оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрінің 20__ жылғы «__»_________ №___ бұйрығына сәйкес,
Сізден _____________________________________________
(әскери бөлім немесе мекеме атауы)
әскери техникасын 200 километрден астам арақашықтыққа рейске шығуына біржолғы рұқсаттама
беруіңізді сұраймын.
Техника, техникалық ақаусыз жай-күйде, жүргізуші құжаттары бар, жүргізушілермен нұсқау беру
өткізілді.
Қосымша:
1) рейске шығуға негіздеме (рұқсаттама) __________________________________;
(құжаттың атауы және тіркеу нөмірі)
2) көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру актісі.
____________________________________
____________________________________
(өтінім беруге уәкілетті адамның лауазымы,
әскери атағы, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде, тегі)
Басқа 4
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
____________________________ көлік құралдарымен 200 километрден астам арақашықтыққа
(әскери бөлім немесе мекеменің атауы) рейске шығу үшін
БІРЖОЛҒЫ РҰҚСАТТАМА № _______________
20___жылғы «___» бастап _______ 20___ жылғы «___» _______ кезеңінде жарамды
(жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
«____________» «___________» дейін бағыт бойынша жүруге рұқсат
(сағаты, минуты) (сағаты, минуты)
Көлік құралының санаты _____________________________________________________
(Қағидалардың 3-тармағына сәйкес нақтыланады)
Жүру бағыты: ______________________________________________________________
(бастапқы, аяқталу және транзиттік пунктілері көрсетіледі)
Шығу мақсаты: _____________________________________________________________
Тасымалданатын жүк: _______________________________________________________
Лек бастығы ________________________________________
(әскери атағы, ТАӘ )
Көлік құралдары туралы мәліметтер
№ р/с
Көлік құралының маркасы
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
(транзиттік нөмірі)
Тіркеменің маркасы
Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
(транзиттік нөмірі)
Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ
Машина жетекшісінің әскери атағы, ТАӘ
Біржолғы рұқсаттама берген әскери полицияның (әскери бөлімнің, мекеменің) лауазымды адамы:
_______________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ)
20___ жылғы «____» ____________
(біржолғы рұқсаттаманың берілген күні) Мөр орны
Түнгі демалысқа тоқтау жүзеге асырылған гарнизоннан, әскери бөлімдерден (мекемелерден) өткені туралы әскери полиция органдарының белгісі
Түнгі демалысқа тоқтау жүзеге асырылған гарнизоннан, әскери бөлімдерден (мекемелерден) өткені туралы әскери полиция органдарының белгісі
Біржолғы рұқсаттаманы ұзарту туралы белгі
20_жылғы «_»___ дейін біржолғы рұқсаттама 20_жылғы «__»___ дейін біржолғы рұқсаттама
ұзартылды ұзартылды
(жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
МО ___________________________________ МО ____________________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы,
әскери атағы, қолы, ТАӘ) әскери атағы, қолы, ТАӘ)
20_жылғы «__»__ дейін біржолғы рұқсаттама 20_жылғы «__»___ дейін біржолғы рұқсаттама
ұзартылды ұзартылды
(жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
МО ____________________________________ МО ___________________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы,
әскери атағы, қолы, ТАӘ) әскери атағы, қолы, ТАӘ)
Бағытты өзгерту туралы белгі
Жүру бағыты ______________ толықтырылды Жүру бағыты _____________ толықтырылды
(елді мекеннің атауы) (елді мекеннің атауы)
МО ___________________________________ МО ___________________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы,
әскери атағы, қолы, ТАӘ) әскери атағы, қолы, ТАӘ)
Жүру бағыты _____________ толықтырылды Жүру бағыты ______________ толықтырылды
(елді мекеннің атауы) (елді мекеннің атауы)
МО __________________________________ МО ___________________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы,
әскери атағы, қолы, ТАӘ) әскери атағы, қолы, ТАӘ)
Жүргізушінің, машина жетекшісінің, лек бастығының ауыстырылуы туралы белгі
_____________________________________ _____________________ ауыстыру жүргізілді
(лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ) (лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ)
МО _____________________________________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ)
____________________________________ _____________________ ауыстыру жүргізілді
(лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ) (лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ)
МО _____________________________________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ)
Басқа 5. _____________ әскери бөлімінің (мекеменің)
автомобиліне трекерді орнату (алу)
актісі
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік құралдарын
бақылауды ұйымдастыру және
оларды 200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Бекітемін
________________________________________
________________________________________
Мөр орны 20__ жылғы «___» ________________
_____________ әскери бөлімінің (мекеменің)
автомобиліне трекерді орнату (алу)
актісі
Осы акт___________әскери бөлімінің (мекеменің)_________________ көлік құралына:
(маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
1) _______________________________________________________________________
(әскери бөлімнің немесе мекеменің автомобиль техникасын пайдалануға жауапты
адамының лауазымы, әскери атағы, ТАӘ)
2) _______________________________________________________________________
(жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ)
қатысуымен 20__ жылғы __ __________ сағат ___минут____ орнатылғаны туралы жасалды:
трекердің сериясы _____№_________;
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(трекердің жиынтықтаушылары көрсетіледі: антенналар, қуат кабелі, сигнал беру пульті және
тағы сол сияқты)
Трекер техникалық түзу.
Трекердің ақаусыздығын және жабдықталғанын растаймын:
_______________________________________________________________________/________/
(әскери бөлімнің немесе мекеменің автомобиль техникасын пайдалануға жауапты қолы
адамының лауазымы, әскери атағы, ТАӘ)
Тапсырды___________________________________________________________/________/
(әскери полиция әскери қызметшісінің әскери атағы, ТАӘ) қолы
Қабылдады:________________________________________________________/________/
(жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ) қолы
Жүргізуші трекерді пайдалану қағидаларымен танысты.
______________________________________________________________________/________/
(жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ) қолы
Трекерді алу жүргізілді. Алуды жүргізу барысында мынадай кемшіліктер анықталды:
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Тапсырды:_______________________________________________________/________/
(жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ) қолы
Қабылдады:______________________________________________________/________/
(әскери полиция әскери қызметшісінің әскери атағы, ТАӘ) қолы
Басқа 6. Бақылау парағы
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Бақылау парағы
___________________________________________ __________________________________________
(әскери бөлім/мекеме атауы) (әскери бөлімнің/мекеменің бағыныстылығы)
___________________________________________ __________________________________________
(әскери бөлім командирі/мекеме бастығы) (рейске шығу мақсаты)
___________________________________________ __________________________________________
(біржолғы рұқсаттаманың нөмірі, кім берген) (пайдалануға рұқсат етілген уақыт кезеңі)
____________________________________________________________________________________________
(арнайы әскери автомобиль полиция автомобильдерімен ілесіп жүру туралы ақпарат)
Көлік құралы (лек) туралы мәлімет
Маркасы
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
Тіркеме маркасы
Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ, ұялы телефонының нөмірі
Машина жетекшісінің (лек бастығының) әскери атағы, ТАӘ, ұялы телефонының нөмірі
Жүру бағыты
Бағыттың ұзақтығы
(бір бағыттағы)
Жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы, қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау туралы жалпы мәліметтер
Жүргізушілерді және машина жетекшілерін қосқандағы жеке құрамның саны
Техниканың саны
Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің саны
Ескертпе
Офицерлер
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) құрамы
Мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер
Азаматтық персонал
Барлығы
Автомобиль
Броньды танк
Тіркемелер
Барлығы
Атыс қаруы
Қару, минаатқыштар
Оқ-дәрілер
Көлік құралының (лектің) жоспарланған қозғалысы туралы ақпарат
Шығу, транзиттік, келу пункттері
Қозғалу басталған күні және уақыты
Қозғалу жылдамдығы
Келесі пунктке дейінгі арақашықтық
Келген күні мен уақыты
Демалыс орындары
Жанармай құю пункттері
Ескертпе
___________________________________________________________________
(әскери бөлім бойынша кезекшінің әскери атағы, ТАӘ және қолы)
Басқа 7. 20_ жылғы «___» __________ 200 километрден астам автомобильдік техника лектерін пайдалану
(жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрілер және басқа да мүліктерді тасымалдау)
ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына
7-қосымша
Нысан
20_ жылғы «___» __________ 200 километрден астам автомобильдік техника лектерін пайдалану
(жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрілер және басқа да мүліктерді тасымалдау)
ЖОСПАРЫ
Қолда бары
__ лектер
Қару-жарақ және әскери техника барлығы
___ бірлік
Қозғалыста
__ лектер
Шығуға жоспарлануда
__ лектер
Әскери автомобиль полицияның ілесіп жүруімен
__ лектер
Р/с №
Әскери бөлім (мекеме)
Жүру бағыты
Бағыттың ұзақтығы, километр (екі бағыттағы)
Біржолғы рұқсаттаманың нөмері, күні және жарамдылық мерзімі
Рейске шығу мақсаты
Тұрақты орналасу пунктінен шығу уақыты
Техниканың атауы
Жүргізушілер, жетекшілер жеке құрамы
Кестенің жалғасы
Жүрісті бақылау
Тұрақты орналасу пунктіне келуді жоспарлау күні
Белгіленген пунктте
Кері бағытта
Мүліктің атауы, саны (дана, жиынтық), көлемі (килограмм)
Бағыттас жүк (әскери бөлім, атауы, саны, көлемі)
Түнеу: (елді мекен, әскери бөлім, күні, уақыты)
Мүліктің атауы, саны (дана, жиынтық), көлемі (килограмм)
Бағыттас жүк (әскери бөлім, атауы, саны, көлемі)
Түнеу: (елді мекен, әскери бөлім, күні, уақыты)
Жедел кезекші
_________________________________
(әскери атағы және тегі)
Басқа 8
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Келісілді
___________________________________________
(лауазымы, әскери атағы және тегі)
20_ жылғы «____» ____________
Бекітемін
______________________________
__________________________________________
(лауазымы, әскери атағы және тегі)
20_ жылғы «____» ____________
автомобиль көліктерімен материалдық-техникалық құралдарды тасымалдау ___________________
(ай, жыл)
ЖОСПАРЫ
Р/с №
Тасымалдауды тапсырушы
Жүктің атауы
Жүктің массасы (саны), тонна
Автокөлік бөлетін әскери бөлім (мекеме)
Көлік құралдарының қажетті саны
Автокөліктің келу орны және уақты
Тасымалдау бағыты
барлығы
Соның ішінде автокөліктермен тасымалдауға жатады
Жүк автомобильдері
Жанармай автоцистерналары
Тіркемелер
Күні және уақты
Мекенжай бойынша
Қайдан
Қайда
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету полктарының
Тапсырушының
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Кестенің жалғасы
Тасымалдау иығы және рейс саны
Тасымалдау мерзімі
Мотоқордың шығыны, мың километр
Тасымалдауға жауапты
Кері бағытта не алып қайтуға жоспарлануда
Ескерту
Басталуы
Аяқталуы
15
16
17
18
19
20
21
___________________________________________
(лауазымы, әскери атағы және тегі)