Қолданыстағы ред. 27.09.2001

Облыс әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегі № 266 «Облыс денсаулық сақтау саласының 2000-2002 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешімін орындау барысы туралы от 27.09.2001 г. № 77 (Облыс әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегі № 266 «Облыс денсаулық сақтау саласының 2000-2002 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешімін орындау барысы туралы)

0

Облыс әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегі № 266 «Облыс денсаулық сақтау саласының 2000-2002 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешімін орындау барысы туралы
Облыс әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегі № 266 «Облыс денсаулық сақтау саласының 2000-2002 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешімімен белгіленген іс-шаралар негізінен орындалуда.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген бағдарламаны іске асыруда жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау саласының дамуына әлі де толық көңіл бөлмейді. Атап айтқанда, облыстық бағдарламаның орындалу барысы тек Шиелі ауданы әкімінің алға мәжілісінде қаралған және Қызылорда қаласының, Сырдария және Жаңақорған аудандарының әкімдері ғана алғашқы медициналық көмекті ықшамдау жұмыстарын жасаған.
Денсаулық сақтау органдары медицина мамандарының жауапкершілігін көтеруге дәрігерлік этика принциптерін сақтауға жеткілікті көңіл бөлмейді, денсаулық сақтау тәжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктер баяу ендірілуде.
Халық арасында аурудың алдын алу жөніндегі жүргізілетін іс-шаралардың белсенділігі жеткіліксіз.
Аналар өлімі,туберкулезбен аурушаңдық жоғарғы деңгейде, тұрғындардың санитарлық сауаттылығы төмен.
Облыстық онкологиялық диспансер мен Жаңақорған қыстағындағы аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсартуды талап етеді.
Аудандарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 «Медициналық көмекке кеткен шығынды өтеу ережелерін бекіту туралы» қаулысы орындалмайды. Клиникалық шығын топтармен төлеу жүйесі Қармақшы ауданынан басқа аудандарда енгізілмеген. Барлық аудандарда қаржыландыру аудандық қаржы бөлімдері бекіткен шығын сметасы арқылы жүргізіледі, бұл осы қаулының бұзылуы болып табылады.
Медициналық көмектің сапасына саланы толық қаржыландырмау да әсерін тигізеді. Бұл жағдайды тендерлердің кеш өткізілуі мен осы заңдылықтардың негізгі қағидаларының сақталмауы шиеленістіре түсуде.
3 жасқа дейінгі балаларды тегін тағамдармен қамтамасыз етуге былтырғы жылы бөлінген 24 млн. теңгенің 70,7 пайызы ғана игерілген және биылғы жылы да жағажай жақсармай отыр.
Облыс тұрғындарының денсаулығына экологияның тигізетін зиянды әсері зерттелмеуде.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Д.А.Дәулетбаевтың облыс денсаулық сақтау саласының 2000-2002 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы мәліметі назарға алынсын.

2

2. Аудандар және Қызылорда қаласы әкімдеріне:

1

1) әкімияттардың мәжілістерінде бір ай мерзім ішінде денсаулық сақтау саласының мәселесі қаралсын, онда осы саланы уақытылы, толық көлемде қаржыландыруға баса назар аударсын.

2

2) облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оларды қазіргі заманға сай медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөліктермен, байланыс құралдарымен және тұрақты жарық көздерімен, күрделі және қалыпты жөндеуден өткізуге шаралар қабылдасын.

3

3) 2002 жылы медициналық қызметке ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 «Медициналық көмекке кеткен шығынды өтеу ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес келтірсін.

4

4) медициналық қызмет және жұмыстарды, тауарларды сатып алу жөніндегі тендерлерді уақытылы өткізуді қамтамасыз етсін.

3

3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Д.Дәулетбаев):

1

1) облыс денсаулық сақтау саласының 2000-2002 жылдарға арналған даму бағдарламасын қалтқысыз орындауға іс-шаралар белгілесін.

2

2) облыстық қаржы басқармасымен (Қ.Әжібеков) бірге 2002 жылдан бастап облыстық туберкулезге қарсы күресу диспансерінде туберкулез науқастарының мультирезистентті түріне арналған бөлімше ашу және онкологиялық диспансерге облыстық аурухананың босаған ғимаратын жөндеуге және өзгертуге қаражат бөлу жөнінде жұмыстар жасасын.

3

3) облыста санитарлық-эпидемиологиялық хал-ахуалға және тұрғындар арасында аурудың алдын алуға бақылауды күшейту қамтамасыз етілсін.

4

4. Жаңақорған ауданының әкімімен (Н.Мұсабаев) бірге Жаңақорған қыстағынан типтік үлгідегі аудандық орталық аурухананың ғимаратын салуға облыстың даму бюджетінен қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылсын.

5

5. Осы қаулының жүзеге асуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.