Облыс әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегі № 266 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегі № 266 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Облыс әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегі №266 "Облыстың денсаулық сақтау саласының 2000-2002 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы" шешімімен бекітілген облыстық денсаулық сақтау саласының 2000-2002 жылдарға арналған даму бағдарламасы іс-шараларының 1.2. тармақшаларына өзгерістер енгізілсін: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі №472 қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі медициналық мекемелер минималды мемлекеттік стандартқа сәйкестендіру" іс-шараларынан соң орындалу мерзімі "2000-2002 жылдар" деп өзгертілсін. Арал ауданы бойынша ""Қарақұм", "Бөген" және "Қызылжар" отбасылық дәрігерлік емханалары негізінде 10 төсек орындық ауылдық аурухана ашу қарастыру" іс-шараларынан соң орындалу мерзімі "2001-2002 жылдар" деп өзгертілсін. Жаңақорған ауданы бойынша ""Қожакент" және "Бірлік" отбасылық дәрігерлік емханалары негізінде 10 төсек орындық ауылдық аурухана ашу қарастыру" іс-шараларынан соң орындалу мерзімі "2002 жыл" деп толықтырылсын.