"Атырау облысының аз қамтылған азаматтарына (отбасыларына) 2000 жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 360 шешімі Қолданыста
Басқа 0
"Атырау облысының аз қамтылған азаматтарына (отбасыларына) 2000 жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы
24 ақпандағы № 360 шешімі туралы
Облыстық мәслихатты ІІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
"Атырау облысыны аз қамтылған азаматтарына (отбасыларына) 2000 жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы
24 ақпандағы № 360 шешімі бекітілсін (жалғанды).
Басқа 1
Атырау облысы әкімінің шешімі
2000 жылғы 24 ақпан № 360
Атырау облысының аз қамтылған азаматтарына (отбасыларына)
2000 жылы уақытша атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы өкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі № 1036 "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті бюджет қаржысы есебінен келесі төлем түрлерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) балалары бар отбасыларына жәрдемақы;
Тармақша 2
2) баланың тууына берілетін әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) жұмыссыздарға көрсетілетін материалдық көмек,
Тармақша 5
5) жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшерлері төмендегіше белгіленсін:
Тармақша 1
1) балалары бар отбасыларына:
- 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға бырыңғай жәрдемақы -1,0 айлық есептік көрсеткіш;
- мерзімді әскери қызметкерлердің балаларына жәрдемақы -1,0 айлық есептік көрсеткіш;
- 7 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар жұмыс жасамайтын аналарға жәрдемақы -1,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) баланың тууына берілетін әлеуметтік көмек - 4,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 3
3) жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек - 10,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) жұмыссыздарға берілетін материалдық көмек - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 5
5) аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін матариалдық көмек - 10,0 айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 3
3. Жәрдемақы мөлшері "2000 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшері ескеріліп төленсін.
Тармақ 4
4. Балалы отбасыларына берілетін бірыңғай жәрдемақы, баланың тууына берілетін әлеуметтік көмек, аз қамтылған жұмыссыздарға берілетін материалдық көмек түріндегі атаулы әлеуметтік көмектер отбасының жиынтық табысы жанбасына шаққанда республикалық бюджет туралы заңда тиісті жылға бекітілетін зейнетақы, жәрдемақы және де басқа төлемдерді есептеуге арналған айлық есептік көрсеткіштің екі есе мөлшерінен аспаған жағдайда ғана көрсетілсін.
Тармақ 5
5. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу туралы ереже бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 6
6. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі туралы уақытша ережеге сай жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы осы шешім бойынша облыс жұртшылығы арасында түсінік жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.) 2000 жылға арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақыларының уақтылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Мұрсалиеваға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Облыс әкімінің осы шешімі 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Басқа 23
Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 360 шешiмiне қосымша
Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау, қаржыландыру
және төлеу тәртiбi туралы ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасы өкiметiнiң 1999 жылғы 22 шiлдедегi № 1036 "Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң уақытша ережелерiн бекiту туралы" қаулысы мен қолданылып жүрген заң актiлерi негiзiнде атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтiк көмектiң негiзгi құзыры аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
Тармақ 3
3. Балалы отбасыларына берiлетiн бiрыңғай жәрдемақы, баланың тууына берiлетiн әлеуметтiк көмек және жұмыссыздарға көрсетiлетiн материалдық көмек түрiндегi атаулы әлеуметтiк көмек түрлерi отбасының жинақ табысын жанбасына шаққандағы орташа айлық табысы зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн Республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Атаулы әлеуметтiк көмектi алу құқын анықтаған кезде отбасы құрамы Қазақстан Республикасы өкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 "Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы ереженi бекiту туралы" және 1998 жылғы 7 сәуiрдегi № 292 "Қазақстан Республикасы өкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулыларына сәйкес анықталады.
Тармақ 5
5. Отбасының жанбасына шаққандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi және Қазақстан Республикасы ұлттық санақ агенттiгi директорының 1997 жылғы 26 наурыздағы № Р-1-14/124 Қазақстан Республикасының экономика, қаржы министрлiктерiмен келiсiлген бұйрықтарымен бекiтiлген табысты есептеу тәртiбi туралы нұсқау бойынша анықталады.
Тармақ 6
6. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындамау мәселесiн шешу және соған байланысты материалдарды дайындау үшiн қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi жанынан жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiнiң қатысуымен комиссия құрылады (бұдан әрi - комиссия).
Тармақ 7
7. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы арыз барлық қажеттi құжаттармен түскен күнiнен бастап 10 күн мерзiм iшiнде комиссияда қаралуға тиiстi. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмайтын жағдайда комиссия оның себебiн көрсеткен шешiм шығарып, барлық құжаттарды арыз иесiне қайтарады.
Тармақ 8
8. Комиссия тағайындалған атаулы әлеуметтiк көмектiң дұрыстығына жауап бередi.
Тармақ 9
9. Комиссияның атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындаудан бас тартқан шешiмiне заңмен қаралған тәртiп бойынша шағым берiлуi мүмкiн.
Тармақ 10
10. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы арыз оған тiркелген барлық құжаттарымен, сондай-ақ атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы комиссия шешiмiнiң хаттамасы, немесе одан алынған суырма әлеуметтiк көмек алушының жеке iсiнде сақталады.
Тарау 2. 2. Балалы отбасына жәрдемақы тағайындау тәртiбi
2. Балалы отбасына жәрдемақы тағайындау тәртiбi
Тармақ 11
11. Балалы отбасыларына берiлетiн жәрдемақылар Қазақстан Республикасы өкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 "Балалы отбасыларына әлеуметтiк кәмек көрсету туралы ереженi бекiту туралы" және 1998 жылғы 7 сәуiрдегi № 292 Қазақстан Республикасы өкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулыларына, сонымен бiрге осы ережеге сәйкес тағайындалады және төленедi.
Тарау 3. 3. Баланың тууына байланысты берiлетiн әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
3. Баланың тууына байланысты берiлетiн әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 12
12. Аз қамтылған отбасыларына баланың тууына байланысты берiлетiн әлеуметтiк көмек бала туылғанда баланың шешесiне не әкесiне бiр рет төленедi. Екi не одан көп бала туылғанда бiр дүркiн берiлетiн әлеуметтiк көмек олардың әрқайсысына төленедi.
Тармақ 13
13. Алушының өлiмiне байланысты төленбеген баланың тууына берiлетiн әлеуметтiк көмек баланың қалған ата-анасының бiрiне, не баланы нақты тәрбиелеп отырған басқа адамға берiледi.
Тармақ 14
14. Бала өлi туған жағдайда баланың тууына берiлетiн әлеуметтiк көмек берiлмейдi.
Тармақ 15
15. Баланың тууына байланысты берiлетiн әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн төменде көрсетiлген құжаттарды қосып арыз берiледi. (Арызда арызға тiркелген отбасы табыстары жөнiндегi анықтамаларда көрсетiлген табыстардан өзге табыс көздерi жоқ екенi көрсетiлуi қажет):
Тармақша 1
1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу органы берген баланың туылғаны туралы анықтама;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) отбасының өткен тоқсандағы табысы туралы анықтама;
Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiкпен айналысатын отбасы мүшелерi салық органдарынан анықтама, ал жұмыссыздар тұрғылықты жерiндегi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi өкiлеттi органнан жұмыссыздығы бойынша алатын жәрдемақысының мөлшерi көрсетiлген анықтама.
Тармақ 16
16. Баланың тууына байланысты әлеуметтiк көмек осы көмекке құқық беретiн күннен бастап алты ай мерзiм iшiнде өтiнiш жасалған жағдайда ғана берiледi.
Тарау 4. 4. Жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмектi және аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетiн материалдық көмектi тағайындау тәртiбi
4. Жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмектi және аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетiн материалдық көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 17
17. Жұмыс жасаған немесе ресми түрде жұмыссыз деп танылған аз қамтылған азаматтар қайтыс болған жағдайда олардың отбасына немесе оларды жерлеудi ұйымдастыруды өзiне алған адамдарға әлеуметтiк немесе материалдық көмек төленедi;
Тармақ 18
18. Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берiлетiн бiр жолғы әлеуметтiк немесе материалдық көмектi тағайындауға және төлеуге мына құжаттар тiркелген арыз негiз бола алады:
Тармақша 1
1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу органы берген қайтыс болғандығы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) қайтыс болған азаматтық қайтыс болғанға дейiн жұмыста болғандығын шандыратын анықтама немесе еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
Тармақша 3
3) қайтыс болған аз қамтылған жұмыссыз азаматтың қайтыс болғанға дейiн жұмыссыз ретiнде есепте тұрғандығын шандыратын жұмыспен қамту жөнiндегi өкiлеттi органның анықтамасы.
Тармақ 19
19. Қайтыс болған жұмыс жасаған азаматты жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек пен қайтыс болған аз қамтылған жұмыссыз азаматты жерлеуге берiлетiн материалдық көмек осы көмектердi тағайындауға қажеттi құжаттар мен арыз олардың қайтыс болған күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей тапсырылған жағдайда ғана төленедi.
Тарау 5. 5. Жұмыссыздарға материалдық көмек тағайындау тәртiбi
5. Жұмыссыздарға материалдық көмек тағайындау тәртiбi
Тармақ 20
20. Жұмыссыздарға берiлетiн материалдық көмек жұмыспен қамту жөнiндегi өкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген аз қамтылған азаматтарға көрсетiледi. Жұмыссыздар кәсiби оқуға немесе қоғамдық жұмысқа жiберiлсе, материалдық көмек көрсету шығармай-ақ оқудың не жұмыстың басталған күнiнен тоқтатылады.
Тармақ 21
21. Жұмыссыздарға берiлетiн материалдық көмек төмендегi құжаттар тiркелген арыз негiзiнде тағайындалады (арызда отбасының арызға тiркелген анықтамаларда көрсетiлген табысынан өзге табыстары жоқ екенi көсетiлуге тиiстi):
Тармақша 1
1) жұмыссыз ретiнде тiркелгенiн анықтайтын жұмыспен қамту жөнiндегi өкiлеттi органның анықтамасы;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) өткен тоқсандағы отбасының табысы туралы анықтамалар. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiкпен айналысатын отбасы мүшелерi салық органдарынан анықтама, жұмыссыз ретiнде есепте тұрғандарға жұмыспен қамту органынан алған материалдың көмегiнiң мөлшерi туралы анықтама.
Тармақ 22
22. Жұмыссыздарға берiлетiн материалдық көмек осы көмектi тағайындауға қажеттi барлық құжатты тiркеп арыз берген айдан тағайындалады. Жұмыссыздарға берiлетiн материалдық көмек жұмыссыз ретiнде есепте тұрған он екi ай iшiнде алты айдан аспайтын мерзiмге ғана тағайындалуға тиiстi.
Тарау 6. 6. Атаулы әлеуметтiк көмектi қаржыландыру және төлеу тәртiбi
6. Атаулы әлеуметтiк көмектi қаржыландыру және төлеу тәртiбi
Тармақ 23
23. Балалы отбасыларына берiлетiн жәрдемақылар Қазақстан Республикасы қаржы Министрлiгiнiң 1997 жылғы 10 сәуiрдегi №103 бұйрығымен бекiтiлген балалы отбасыларына берiлетiн жәрдемақыларды қаржыландыру тәртiбiне сәйкес қаржыландырылады және төленедi.
Тармақ 24
24. Баланың туылуына, жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек және жұмыссыз азаматтарға, жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берiлетiн материалдық көмек Қазақстан Республикасы Акционерлiк Халықтың Жинақ банк филиалдары арқылы төленедi.
Тармақ 25
25. Қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi (бұдан әрi - қалалық, аудандық бөлiмдер) ай сайын әр айдың 25 жұлдызына дейiн атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың санын және тағайындалған атаулы әлеуметтiк көмектiң сомасын анықтайды. Әр ай сайын тағайындалған атаулы әлеуметтiк көмектiң бiрiктiрiлген тiзiмiн атаулы әлеуметтiк көмектiң түрлерi бойынша жасақтайды және әр айдың 30 жұлдызына дейiн Қазақстан Халықтық банкiсiнiң аудандық бөлiмшiлерiне, сонымен бiрге облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына сұраныс жасайды.
Тармақ 26
26. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы қалалық, аудандық бөлiмдерден түскен сұраныстардың негiзiнде облыс бойынша тағайындалған атаулы әлеуметтiк көмектердi төлеуге қажеттi қаржы көлемiн көмек түрлерi бойынша анықтап, әр айдың 30 жұлдызына дейiн облыстық қаржы басқармасына атаулы әлеуметтiк көмектердi қаржыландыруға сұраныс жолдайды.
Тармақ 27
27. Облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының сұранысы бойынша облыстық бюджетте атаулы әлеуметтiк көмектi төлеуге қаралған қаржыдан облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына қаржы бөледi. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу үшiн ағымдағы шотқа түскен қаржыны екi күннiң iшiнде өазақстан Халықтық Акционерлiк жинақ банкiсiнiң облыстық филиалымен жаса¬ан агенттiк келiсiмге сәйкес комиссиялық сыйақы төлемiн қосып Акционерлiк Халықтық банкiнiң облыстық филиалының шотына аударады.
Тармақ 28
28. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу Қазақстан Акционерлiк Халықтық жинақ банкiсiнiң бөлiмшелерi арқылы аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнен келiп түскен алушылар тiзiмi бойынша алушының жеке басын куәландыратын (төлқұжат, жеке бас куәлiгi) құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады. Атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың жеке iстерiнде алажақ атаулы әлеуметтiк көмектерiн халықтық банк арқылы арнаулы салымдар¬а қосу жолымен төлеудi сұраған арыздары болуы шарт.
Тарау 7. 7. Есеп жүргiзу және есеп беру тәртiбi
7. Есеп жүргiзу және есеп беру тәртiбi
Тармақ 29
29. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бойынша есеп беру және бақылау облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы мен оның жергiлiктi құрылымдарына жүктеледi.
Тармақ 30
30. Қалалық, аудандық бөлiмдер әр айдың 5-жұлдызына дейiн халықтық жинақ банкiсiнiң бөлiмшелерiмен төленген атаулы әлеуметтiк көмек бойынша көмек түрлерiн жiктеп салыстырмалы акт жасайды. Салыстырмалы акт негiзiнде төленген атаулы әлеуметтiк көмек түрлерiн жiктеп, сомасын анықтап, алушылардың санын кӨрсететiн есеп жасайды және оны облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына жолдайды.
Тармақ 31
31. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы әр айдың 10-жұлдызына облыстық қаржы басқармасына төленген атаулы әлеуметтiк көмек бойынша көмек түрлерiн жiктеп, алушылардың санын көрсетiп, жиынтық есеп бередi.
Тармақ 32
32. әлеуметтiк көмектердi төлеуге бөлiнген қаржылардың мақсатты жұмсалуын, сонымен бiрге халықтық банк бөлiмшелерiнiң атаулы әлеуметтiк көмектi алушыларға дер кезiнде төлеуiн бақылауды олардың жоғарғы органдары мен қаржы және қазынашылық органдары жүзеге асырады.
Тармақ 33. 2000 жылғы Атырау облысы бойынша балалары бар
отбасыларына төленетін шығындардың есебі
33. Тиiстi органдардың тексеруi барысында анықталып, қате тағайындау салдарынан артық төленген атаулы әлеуметтiк көмек сомалары қолданылып жүрген заң актiлерiне сәйкес бюджетке керi қайтарылуға жатады.
2000 жылғы Атырау облысы бойынша балалары бар
отбасыларына төленетін шығындардың есебі
жәрдемақы орташа айлық алушылар айлық есептік есептік көрсеткішке көрсеткіш шаққандағы
жәрдемақы пайыздық мөлшері (графа жалғасы төменде)
18-жасқа дейінгі төленетін 41000 725 100 бірыңғай (бала) жәрдемақы
7 жасқа дейінгі 58 725 115
4 және одан да көп балалары бар, жұмыс жасамайтын аналарға жәрдемақы
Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін 5220
жәрдемақы 149 725 тоқсанға
5 графа айлық мөлшері төлеу жиынтығы (теңге) кезеңі (ай) (мың теңге)
725 12 356700
834 12 580
1740 12 3109
барлығы 36038
Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары 1999 жылғы облыстық бюджеттен балалары бар отбасыларына төленген жәрдемақы туралы анықтама
1999 жылға қаралған
Балалары бар отбасыларына барлық түрдегі жәрдемақы 633696000 (бырыңғай, 7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар жұмыс жасамайтын аналарға, мерзімді әскери қызметкерлердің балаларына, үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін) оның ішінде:
-7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар, жұмыс жасамайтын аналарға жәрдемақы 350000
Үйінде тәрбиеленетін және оқитын балаларға берілетін жәрдемақы 1630000 графаның жалғасы 1999 жылғы қаржыландырылған төленген барлығы оның ішінде
1997-1998 жж. 1999 ж.
633693882 363055001 270638881
349229 - 349229
1629484 - 1629484
Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау облыстың басқармасы бастығының орынбасары