О подготовке объектов жилищно-коммунального хозяйства, предприятий и организаций бюджетной сферы к работе в осенне-зимний период 2000-2001 годов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2000-2001 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге дайындау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 03.08.2004 № 40 өкімімен. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешендерін және кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдарды 2000-2001 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде қалыпты және үздіксіз жұмыс жүргізуге сапалы және дер кезінде дайындау мақсаттарында:
Тармақ 1
1. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері: - 1999-2000 ж.ж. қысқы кезеңнің жұмысын жан-жақты қорытындылап, ұйымдастыру техникалық іс-шараларды, жөндеу кестесін, барлық дайындық жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтауды белгілеп, бекітсін; - аудан және қала әкімдерінің жанындағы қысқы кезеңге дайындық бойынша іс-шаралар барысын бақылау жөніндегі комиссиялар жылу көздерін, жылу жүйелерін, су жүйелерін, ғимараттар мен үйлерді қысқы кезеңге жылу қабылдауға дайындау мен көрсетілген нысандардың белгіленген мерзімге дейін толық қабылдануына бақылауды жүзеге асырсын; - бекітілген кестеге сәйкес қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жеткілікті және дер кезінде қаржыландыру шараларын және материалдық техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырсын; - жұмсалған электр, жылу энергиялары және берілген су үшін қарыздардың толық өтеу бойынша шаралар қолдансын; - тұрғын үй қорының нысандарында, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдарды жеке және жалпы үйге арналған коммуналдық қызмет мөлшерін есептеу құралдарын орнату жөніндегі іс-шараларды жалғастырсын; - үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін сұйық және қатты отын сатып алу және тасу кестесі дайындалып бекітілсін, отын сатып алу облыстық, аудандық және қалалық мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комиссиялар арқылы жүргізіліп, үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін үш айлық отын қорын дайындау үшін барлық шаралар қолданылсын.
Тармақ 2
2. Көкшетау қаласының әкімі А. Хасенов, Степногорск қаласыыың әкімі Н. Денинг, балансында тұрғын үйлер мен жылу беру көздері бар облыстық басқарма, комитет, Департамент, мен кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары: - үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылу көздерінде сынақ жұмыстарын аяқтап, жылу жүйелерін жуып-тазалау, қымтау жұмыстарын аяқтасын. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін Көкшетау қаласының жылы сумен қамтамасыз ету жүйесі толық көлемде қалпына келтірілсін.
Тармақ 3
3. Степногорск қаласының әкімі Н. Денинг Степногорск ТЭЦ-нің күзгі-қысқы кезеңде толық энергетикалық мүмкіндігінде жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдері Сарыадыр көмір кенішімен («Қазкөмір» ЖШС) келісім-шарт жасалуы бойынша іс-шаралар жасасын. Аудандық бюджеттен тұтынушылардың өз қаржыларынан ақша бөлініп қажетті отын көлемінің үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін дайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкімдері тиімсіз қазандықтарды сұйық және қатты отынмен жұмыс істейтін автономиялық жылу көздеріне (АСО) ауыстыру бойынша шұгыл шаралар қолдансын.
Тармақ 6
6. «АЭТК» ААҚ және «КЭТК» ААҚ-дары электр энергиясы үшін уақытында ақысын төлеп отырыатын тұтынушылардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етілуіне қатаң бақылау орнатсын. Қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге дайындық бойынша кешенді іс-шаралар дайындасын, 2000-2001 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңде қажетті электр энергиясының балансын белгілесін, электр энергиясын тұтынудың жоғарғы деңгейін белгілесін, сонымен қатар, электр энергиясы тапшы болған жағдайда оны сөндіру кестесін әзірлесін.
Тармақ 7
7. «Астана-Су» РМК (В.Н. Петрищев) аудан әкімдерімен бірлесе отырып үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін магистральдық және топтамалық су құбырларында, аудан орталықтарындағы су тарату жүйелерінде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау бойынша барық іс-шараларды қолдансын. Алдағы қысқы кезеңде сумен үздіксіз қамттамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар әзірлесін. Белгіленген тәртіп бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін қарызды өтеу кестесін дайындап бекітсін.
Тармақ 8
8. Көкшетау қаласының әкімі А. Хасенов облыс орталығында апатты жағдайдағы су және канализация құбырларын ауыстыру жұмыстарын қаржыландыру мәселесін шешсін, су және канализация жүйелерін айдау станциялары мен су қондырғылары үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін. Тұтынылған су үшін абоненттік ақы жинау бойынша жұмысты күшейтсін, электрмен қамтамасыз ету ұйымдарының алдындағы қарызды өтеу кестесін дайындасын.
Тармақ 9
9. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола тасымалдау бөліміне жасалған келісімге сәйкес облысқа қатты және сұйық отын тасуды бірінші кезекте іске асыру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарын 2000-2001 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге дайындау жөніндегі облыстық іс-шаралар және облыстық іс-шараларды орындау барысын бақылау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілсін (№1, №2 қосымша).
Тармақ 11
11. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері осы өкімнің орындалу барысы туралы облыс әкімінің аппаратына әр айдың 10-ы күні ақпарат беріп отырсын. Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Сейітжановқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Облыс әкімінің 3 мамыр 1999 жылы № 1-57р өкімінің күші жойылсын.
Басқа 13
Облыс әкімінің 15.05.2000 ж. №1-255р өкіміне №1 қосымша Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарын 2000-2001 ж.ж. күзі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндеғі ІС-ШАРАЛАР № Р/ с Іс-шаралардың атауы Орындалу мерзімі Орындаушы Орындалуына жауаптылар 1 2 3 4 5 1. 1. Жылу және электр энергетикасы нысандары Көкшетау аумақтық қазандықтары (РК-1, РК-2, РК-3) мен Степногорск ТЭЦ-нің негізгі технологиялық жабдықтарына (қазандық агрегаттары, турбиналар және т.б.) ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жүргізу Кесте бойынша 2000 жылғы 15 тамызға дейін «Энерготех-комплекттепло» ЖШС, «Техно-контракт» ЖШС, Степногорск ТЭЦ-нің әкімшіліктері Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері 2. Көкшетау, Степногорск, Щучье, Макинск қалаларындағы және басқа да елді-мекендердегі жылу, су жәңе канализация жүйелеріне қүрделі жөндеу жасау Кесте бойынша мамыр-тамыз айлары кезінде «Энерготех-комплекттепло» ЖШС, «Техно-контракт» ЖШС, Степногорск ТЭЦ-нің, «Горводоканал» басқармасының әкімшіліктері Көкшетау және Степногорск, Щучье қалаларының және аудандардың әкімдері 3. КТП, транформатор подстанциялары және 0,4-110 кв әуелік және кабельдік электр желілеріне ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жүргізу Кесте бойынша ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін «КЭТК» ААҚ «АЭТК»ААҚ Көкшетау, Степногорск, Щучье қалалары мен аудандардың әкімдері 4. Көкшетау, Степногорск, Щучье қалалары мен басқа да елді мекендердің жылу жүйелерінің гиравликалық режимін реттеу, жуу, сынау Кесте бойынша ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының басшылары Көкшетау, Степногорск, Щучье қалалары мен аудандардың әкімдері 5. Көкшетау аумақтық қазандықтарында (РК-1, РК-2, РК-3) мен Степногорск ТЭЦ-і, аудан орталықтары мен елді-мекендердің қазандықтарында үш айлық қатты және сұйық отын қорын қамтамасыз ету Айлық кестеге сәйкес ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары Көкшетау Степногорск қалалары мен аудандардың әкімдері 6. Жылу аккумуляторларымен және автоматты жабдықтармен жабдықталмаған, электр жүйелерінің жұмысына кешкі және таңғы сағаттарда ең көп салмақ түсетін мезгілдерде жұмысқа қосуға мүмкіндік беретін, қуаттылығы 15 квт. асатын барлық электр мен жылыту қондырғыларын сөндіру ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Кәсіпорындары мен ұйымдардың басшылары, «Мемлекеттік энрегия бақылау» қызметкерлері Көкшетау, Степногорск қалаларының және аудандардың әкімдері 7. Жалпы энергия жүйесінен электр қуаты берілу тоқтап қалған жағдайда қосу үшін қазандықтар тәуелсіз электрмен жабдықтау қондырғыларымен (қосалқы дизельдік электр станциялары) жабдықталсын. Оларды қажетті дизельдік жанар май қорымен қамтамасыз ету. ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудандардың әкімдері 8. Тұрғын үй қорларын медициналық, оқу, балалар мекемелері жетімдер мен қарттарға арналған интернаттар, кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілік ғимараттарына комиссиялық тексерістер жасап, олардың дайындығы бойынша құжаттар беріп Көкшетау, Степногорск, Щучье, Макинск қалалары мен елді-мекендердегі жылумен қамтамасыз ету орталықтарының жүйелеріне қосуға болатындығын растау ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудандардың әкімдері 1. 2. Тұрғын үй-коммүналдык шаруашылық нысандары Тұтынылған электр және жылу энергиясы, берілген су мен су құбырлары және канализация қызметі үшін, қоқыс шығарып төгу үшін ақының уақытында төленуіне бақылау жасау. Көрсетілген бұрынғы қарыздарды өтеу жөніндегі келісілген кестелер дайындау Әрқашан Жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, ПИК-тердің төрағалары Қалалар мен аудандардың әкімдері, аумақтық округтердің басшылары 2. Қалалар мен аудан орталықтарындағы, елді мекендердегі сұйық және қатты отынмен жағатын автономиялық жылу жүйелерін (АСО) тұрғын үй, әлеуметтік мәдени және әкімшілік ғимараттарында орнату бойынша өз жоспар-кестелерінің орындалуын қортындылау Бекітілген кесте бойынша Облыстық басқарма, комитет, Департамент, кәсіпорын және ұйымдардың басшылары Қалалар мен аудандарДың әкімдері 3. Үй ішіндегі жылу жүйелерін жуу және сынақтан өткізу, су және канализация жүйелерін жөндеу, жер асты және басқа да сулар толып кеткен подвалдарды, шатырларды, подъездерді, кіре беріс есіктерді жөндеп, қымтау. Коммуналдық қызметті өлшеу құралдарын орнату. ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Аумақтық округтердің басшылар,ы ПИК-тердің төрағалары Қалалар мен аудандардың әкімдері 1. 3. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының нысандары Жылу көздеріне (қазандықтар АСО және т.б.) жылу жүйелеріне, су қондырғылары мен су жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу. Нысандардың электр, жылу, сумен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Шаруашылықтар мен кәсіпорындардың басшылары Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы 2. Негізгі өндіріс нысандарында қосалқы дизельдік электро станциялар сатып алып, олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Шаруашылықтар мен кәсіпорындардың басшылары Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы 3. Сұйық және қатты отын сатып алу бойынша келісім шарттар жасап , үш айлық отын қоры жиналуын қамтамасыз ету Айлық кестеге сәйкес ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Шаруашылықтар мен кәсіпорындардың басшылары Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы 1. 4. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік корғау нысандары Мектеп, мектепке дейінгі мекеме, училище, лицей, институт, аурухана, емхана, ФАП, интернат үйлері, мәдениет үйлері, клубтар, кітапхана, кинотеатр, мұражай және т.б. мекемелердің ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, олардың жылу көздерінен жылуды қабылдауын және электр энергиясымен, сумен үздіксіз жабдықталуын қамтамасыз ету ү.ж. 25 тамызына дейін Облыстық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары Қалалар мен аудандардың әкімдері 2. Қалалық және аудандық мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комиссиялардың мәжілістерін өткізу. Сұйық және қатты отын сатып алуды жүргізіп, үш айлық отын қорын жинап, оларды қажет жеріне жеткізуді қамтамасыз ету Айлық кестеге сәйкес ү.ж. 1 қыркүйегіне дейін Облыстық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары Қалалар мен аудандардың әкімдері Ақмола облысы әкімі аппаратының бөлімдері
Басқа 14. 2000-2001 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге дайындық бойынша облыстық іс-шаралардың орындалу барысын бақылау жөніндегі облыстық комиссияныц ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 15.05.2000 ж. №1-255р өкіміне №2 қосымша 2000-2001 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге дайындық бойынша облыстық іс-шаралардың орындалу барысын бақылау жөніндегі облыстық комиссияныц ҚҰРАМЫ Сейітжанов А.С. облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Мұртазаев М.А. облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбсары Комиссия мүшелері:
Тармақ 1
1. Әділбеков Д.З. облыс әкімінің орынбасары
Тармақ 2
2. Махметов Т.С. облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы
Тармақ 3
3. Савицкий Д.Е. облыстық қаржы басқармасының бастығы
Тармақ 4
4. Жамұханов Т.Ү. «КЭТК» ААҚ-ның атқарушы директоры (келісімі бойынша)
Тармақ 5
5. Шадыжев А.Т. «АЭТК» ААҚ-ның техникалық директоры (келісімі бойынша)
Тармақ 6
6. Дмитриенко Е.А. облыстық білім басқармасының бастығы
Тармақ 7
7. Комалдинов И.М. облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 8
8. Мырзахметов Б.К. облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі
Тармақ 9
9. Мұстафин М.Қ. табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Департаменттің директоры
Тармақ 10
10. Мұсабеков Д.Н. облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Тармақ 11
11. Батырханов М.Б. облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация басқармасының бастығы
Тармақ 12
12. Мадияров А.С. облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 13
13. Юрашевич Н.Н. облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының бастығы
Тармақ 14
14. Шамиғанов Б.С. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола тасымалдау бөлімінің бастығы (келісімі бойынша)
Тармақ 15
15. Шаруда В.А. облыс әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы