Об открытии осенне-зимнего охотничьего сезона в 2000-2001 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000-2001 жылдарғы күзгі-қысқы аңшылық маусымды ашу туралы «Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пйдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 21 қазандағы № 2463 – XII Заңының 40 бабына және халық депуттары облыстық Кенесінің 1991 жылғы 23 тамыздағы № 147 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы аңшылық ережелеріне сәйкес ШЕШІМ қабыдылдаймын :
Тармақ 1
1. Аңшыларға аңшылық шаруашылықтарында мыналарға: -2000 жылдың 2 қыркүйегінен 2000 жылдың 15 қарашасына дейін суда жүзетін және батпақ құстарына, бөденелерге, көгершіндерге, балықшыға; аңшылық маусым ашылғаннан 1 қазанға дейін сейсенбі және сәрсенбі аңшылық үшін жабық күн болып табылады; -дипломы бар тазылар мен спанильдерге арнайы бөлінген орындарда 2000 жылдың 15 тамызынан құстар қайтқанша дейін алқаптарда сынақ жүргізуге және иттерді ауыздандыруға; -2000 жылдың 4 қарашасынан 2001 жылдың 15 ақпанына дейін түлкіге, сілеусінге, қоянға, және енотқа асыл тұқымды тазылармен 16 қазаннан (бөлінген телімдерді); -бұғы, елік, кабан құр және саңырау құрға (рұқсат бойынша), олжа аңшылыққа 2000 жылдың 10 тамызынан 31 желтоқсанға, аңшылық шаруашылқтардағы әуесқой аңшылыққа 4 қарашадан; - аңшылық ережелермен белгіленген тәртіпте және мерзімде кәсіпкерлік аңшылыққа шығуға рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Орман және биоресурстар жөніндегі облыстық аумақтақ басқарма аңшылық ережелерге сәйкес мыналарды: -аңшылықты шектеуді; -жабайы жануарларды ату тәртібін; -2000-2001 жылдарғы аңшылық маусымға арналған құс ату нормасын белгілесін.
Тармақ 3
3. Қоршаған ортаны,орман және биоресурстарды қорғау, жануарлар және өсімдіктер әлемін бақылау жөніндегі жөніндегі облыстық басқарма мен ішкі істер басқармасына табиғатты қорғау заңдылықтарының сақталуын бақылау жөніндегі бірлеске әрекеттер жоспарын әзірленсін.
Тармақ 4
4. Облыстық және аудандық газеттер мен облыстық телерадиокомпанияға осы шешімді баспасөзде жариялау, радио мен телевизия арқылы хабарлар беру ңұсқалсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау орман және биоресурстар, өсімдік және жануарлар әлемін мемлекеттік бақылау жөніндегі облыстық аумақтық басқармаға жүктелсін.